Ақынға тіл тигізген блогер тізерлеп кешірім сұрады

Әлеуметтік желіде өзін рилсмейкер ретінде таныстырып жүрген Әлішер Теменов есімді қолданушы жарнама жасау барысында Мұқағали Мақатаевқа тіл тигізген әрекеті үшін  сынға қалып, осы ісі үшін ақынның ескерткішіне барып кешірім сұрады. Күні кеше ол жарнамаларының бірінде «Мұқағали Мақатаев жалпы «жаловаться» ете беретін сорлы еркек болады ғой – вот сондай» дегені үшін көпшіліктің сынына қалған болатын.

«Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай, мына адамдар неге жатыр тойламай» дейді. «Ей, сен бл… (жаман сөз) бірінші жасасаңшы туған күніңді. Сосын барамыз ғой. «Банкет жасап берер едім өзім-ақ, тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай» дейді. Причем тут, құдай? Сенің туған күніңде үстеліңнің жайылып тұрғаны құдайға байланысты ма? Өзің жаса! Еркексің ғой, не үшін отырсың мына жерде? Отаныңды қорғайсың – еркексің, әулетіңді қорғайсың – еркексің. Әйеліңді қорғайсың – еркексің. Үкіметтен «үйді қашан береді» деп күтіп отырсаң, онда сен еркек емессің», – дейді ол.

Блогердің бұл даулы сөзі қоғамда резонанс тудырды.

«Басқа пәле тілден» деген. Хайп қуып, ақша табам деді ме екен, мына «оттап» отырған сорлыны Қарасаздың жігіттері алып кетіпті. Әйелі үйінде жан таппай отыр екен. Онлайн кешірім сұрағанына да қарамаған.

Бүгін атышулы блогердің Мұқағали Мақатаевтың ескерткішінің алдына барып, басын иіп кешірім сұрағаны әлеуметтік желілерде тарап кетті.

«Қазақ елінің алдында жасап қойған үлкен бір еркелігімді аруақ кешірсін деген ниетпен дәл қазір Мұқағали атамыздың үйінің алдында тұрмын. Барша қазақ елінен жасаған үлкен қателігім үшін кешірім сұраймын»,  дейді блогер Әлішер Теменов.

Related posts

Золотая осень в Бодруме

Назия Жоямергенқызы

Алматыда атыс болды

editor

ТОРОСЛАРДА ТҮРІК ДҮНИЕСІНІҢ САМАЛЫ ЕСТІ

ttjk