Ақмола облысындағы алпыстан аса тұрғын жеке құжатсыз жүрген

Ақмола облысында жеке құжатсыз өмір сүріп жүрген 63 адам анықталды. Оның ішінде 49 адам Қазақстан азаматы болса, 3 адамның азаматтығы жоқ болып шыққан.

Полиция департаментінің мәліметінше, облыс тұрғындары барлық қажетті ақпаратты полиция бөлімдерінің жанындағы аумақтық көші-қон қызметтері арқылы ала алады. Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ кез келген адамға Қазақстан азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның құжаттарын ресімдеу үшін тұрғылықты жері бойынша полиция бөлімдерінің жанындағы көші-қон қызметі бөлімшелеріне жүгіну қажет.

Ал егер КСРО паспортының иелері құжаттарын жоғалтқан болса, туу туралы куәлік болса немесе жеке басын куәландыратын құжаттары болмаса, Ақмола облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасына хабарласуы керек екені ескертіледі.

Related posts

АЛМАТЫЛЫҚТАР АЗА ТҰТТЫ

ttjk

Түркиядағы Қара теңіздің таулы аймақтары ұмытылмас әсер сыйлайды

ttjk

Диқандардың астығы далада қалуы мүмкін

editor