28 қарашада Go!Cafe кафесінде жаңа жыл түнінде дұрыс тамақтанудың құпияларымен бөлісетін семинар өтті. Спикерлерден салауатты өмір салтының мамандары болды: премиум-санатқа жататын World Class Almaty фитнес-клубының жаттықтырушысы Валихан Тен, біліктілігі жоғары диетолог Татьяна Загриценко және GO!Cafe алғашқы дұрыс тамақтану кафесінің шеф-аспазы Виталий Лелько.
Семинарға қатысушылар жаңа жылды дене мен денсаулыққа зиянын тигізбейтіндей етіп қалай қарсы алуға болатыны туралы кеңестер алды.
Сонымен, мерекелік дастарханнан кейін толып кетпеу үшін мамандар қандай кеңестер береді екен?
Ашықпау. Бірқатар әйелдер сүйікті көйлегін киіп жүру үшін жаңа жыл қарсаңында ашыға бастайды. Бір қызығы, бұндай әрекеттен кейін ағзаға бұрынғыдан да көп салмақ жиналуы мүмкін. Өйткені ашыққаннан кейін көмірсулардың май клеткаларына түрленуі қарқынды болады. Бұрын ашығып қалған ағза болашақта осындай жағдай қайталануы мүмкін деген түйсікпен алдын-ала қоң ала бастайды, бұл талай ғасырлық эволюцияның нәтижесінде қалыптасқан аман қалу механизмінің жұмысы. Бұл механизм іске қосылса жаңа май қатпарларына ие болдым дей беріңіз.
Көмірсулардан арылыңыз. Жаңа жыл қарсаңында дене бітіміңізді қалыпқа келтіргіңіз келсе, ашығудың орнына, жаңа жылдан 2 апта бұрын, әдемі сымбаттың №1 жауы – көмірсулардан арылыңыз, көмірсулар – семірудің басты себебі. Құрамында қант бар азық-түліктер: бөлкелер, шоколад, кәмпиттер, т.б.. Көмірсусыз диета артық май клеткаларынан арылуға көмектеседі.
Таңғы ас пен түскі асты ұмытпаңыз. 31 желтоқсанда күндіз жейтін асыңызды жаңа жыл түніне қалдырмаңыз. Мейрам қарсаңында көпшілігі қателік жасайды: күні бойы нәр тартпай, барлығын түнге қалдырады. Мереке алдындағы мәзірде көкініс пен жеміс-жидек көп болуы керек – өсімдік жасушаларының ұлпа қабығын құрайтын өзек алдағы ауыр жүктемені игеруге және артық жеп қоймауға көмектеседі. Сондай-ақ бифидобактериялары бар ашыған сүт өнімдерін де пайдалануға болады.
Ыстықтан бастаңыз. Әдетте жеңіл-желпі тамаққа, салатқа тойып алып, ыстық тамақтың уақыты келгенде асқазанда артық орын қалмағанын білеміз. Бұның алдын-алу үшін алдымен ыстық тамақ жеп, қалғанын кейінге қалдыруға болады.
Аз дайындап, көп әрлеңіз. Көп адамдарда мынадай түсінік қалыптасқан: мерекелік дастархан мейілінше молынан жасалып, тамақтың түр-түрі жайнап тұруы керек, әйтпесе келер жылы жоқшылық болады. Бұндай нанымды қомағай адамдар ойлап тапса керек. Одан да ең жақсы көретін бір тамақ түрін және бір салат түрін жасаған тиімдірек – уақыт та аз кетеді, денсаулыққа да пайдалы. Мерекелік дастархан әдемі болсын десеңіз – гүл, майшам, әдемі ыдыс-аяқ секілді түрлі безендірулер пайдаланыңыз.
Жаңа көкіністарден жасалған салаттар жеңіз. Бұл кеңес мейрамды үйден тысқары жерде тойлайтындар үшін көбірек тиімді. Осы кеңестің басты принципі мынада: салатты неғұрлым көп жесе, зиян тамақ соғұрлым аз кетеді. Салаттар тек өзектен ғана емес, ас қорытуға көмектесетін ферменттерден де тұрады. Ең бастысы – салаттар майонезсіз болсын немесе үй майонезін пайдаланыңыз, рецептісі төменде.
Соусты өзіңіз жасаңыз. Салатқа қосылатын ең танымал соус – майонез. Көбісі оның «жеңіл» түрін пайдаланса, азықтың зиянын да азайтады деп қате ойлайды. Калориясы төмен соустар жасау кезінде оның құрамынан тек зиянды заттар ғана емес, өсімдік майлары да алынып тастайды. Оларды модификацияланған крахмал, эмульгаторлар, қоюлатқыштар мен желатин алмастырады. Нәтижесінде «ауыр» да болса табиғи ингридиенттердің орнына «жеңіл», бірақ өндірістік химияға толы денсаулыққа зиянды өнім пайда болады.
Газдалған сусындар мен шырындардан бас тартыңыз. Газдалған сусындар көп мөлшерлі қанттан (1 стақанда шамамен 20 кесек қант) тұрады, ал көмірқышқыл газы артық жеуді, ашып кетуді тудырады және алкогольдің сіңуін тездетеді. Шырындарда да қант пен түрлі қоспалар көп. Жаңа ғана сығылған шырын жасап алсаңыз да, оны ашқарында ішкен тиімді.
Су ішіңіз. Тамақ пен алкогольді сіңірудің тиімді жолы – суды аздап ұрттап ішу. Дастарханға көрік бере алатын судың түр-түрін де жасауға болады. Суға түрлі қоспалар турап салыңыз: жеміс-жидек, лимон, қияр. Тәттә су қаласаңыз, үй морсын, лимонад немесе icetea ішуге болады. Бірақ оларды да шамалап қолданған дұрыс.
Ашқарынға спирттік ішімдік ішпеңіз. Бұл өмірге қауіпті, әсіресе қант диабетіне шалдыққандар үшін. Дастарханның негізгі заңын естен шығармаған жөн: алкоголь ішімдіктерін араластырмау және градусын ешқашан төмендетпеу. Спирттік ішімдік асықпай ішілуі керек. Негізі мереке кезінде 50 гр. алкогольдан артық ішуге болмайды: 120 мл. коньяк немесе арақ, 300-350 мл. құрғақ шарап (екі бокал) немесе 800-1000 мл. сыра (екі саптыаяқ). Газдалған су алкогольдің қанға таралуын тездететіндіктен, шампан, сыра, коктейль ішу ұсынылмайды. Десек те тым артық ішіп қойсаңыз, ертеңгі күні қияр тұздығын ішу керек. Оның құрамында зат алмасуды қалыпқа келтіретін минералды тұздар бар. Сондай-ақ, дененің сусыздануынымен күресетін, көтерілген қысымды төмендететін ашыған сүт өнімдерін, мүкжидек немесе итбүлдірген морсын ішуге болады. Қан қысымы төмен адамдарға жаңа қайнатылған қою шайды лимонмен ішу ұсынылады.
Қыстың қызығына кенеліп, көп қимылдаңыз. Қозғалыс дегеніміз өмір. Қимыл-қозғалыс мереке дастарханында жегеннің бәрінен арылуға көмектеседі. Мысалы 10 минут қар атысып, шанамен, шаңғымен сырғанап, билеп, қар күресеңіз – бұл 74-тен 100 ккалға дейін арылуға септігін тигізеді. Болмаса 10 минут ас әзірлеп, азық-түлік сатып алып, шаш сәндеп, жаяу жүру – 20-25 ккалды жояды.
Өз-өзін сынамау. Тым көп жеп, өзіңізді нашар сезінсеңіз де ертеңіне өзіңізді жазғырып, кінәламаңыз. Көбінесе әйелдер жағы өзін ұстай алмай көп жеп қойғаны үшін, ұзақ уақыт тастап келген салмағын қайта жинап алғаны үшін өз-өзін жек көре бастайды. Сөйтсек өзімізге жек көрген кезде ағзада картикостеройдтар бөлінеді екен, бұл артық салмақ жинауға себепші болады. Сондықтан үнемі өзіңізді мақтап жүріңіз. Сонда сізде қалыпқа келуге ресурс пен күш жеткілікті болады.
Келе жатқан жаңа жыл құтты болсын! Деніңіз сау, тәніңіз сымбатты болсын!
P.S.: үй майонезін жасау — сарыуызды (2 шт), зәйтүн майын (100 гр), тұзды, бұрышты, лимон шырынын, ұсақ қияр тұздығын (30-40 гр) блендерге салып араластырамыз.