ҚХР Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен қазақ халқы анағұрлым өркендеген жаңа Қазақстан құратынына сенім білдірді

ҚХР Төрағасы Қазақстанның халықаралық аренадағы орта держава ретіндегі конструктивті рөлін қолдады. Кездесу барысында тараптар электронды коммерция, автомобиль мен автобөлшек өндірісі, көлік-транзит және логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, қаржы, туризм салаларындағы инвестициялық ықпалдастықты дамыту перспективаларын талқылады. Екі ел басшылары сауда-инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру үшін тиісті механизмдер бар екеніне тоқталып, Қазақстан мен Қытай үкіметтері қазір және келешекте бизнес-жобалардың табысты жүзеге асырылуына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин өңіраралық кооперация мен мәдени-гуманитарлық саладағы ықпалдастықты тереңдету жөнінде пікір алмасты. Мемлекет басшысы Астанада Бейжің Тіл және мәдениет унверситеті филиалы мен «Лу Бань шеберханасының» ашылуын қолдап, екі елдің ғылым және білім салаларындағы байланыстарының кеңеюі екі елдің мүддесіне сай келетінін айтты.

Related posts

«Ұлы дала шеберлер керуені»: ұлттық құндылықтарды келешекке ұлықтаудың символы

Назия Жоямергенқызы

ШЫҰ мүше мемлекеттер өзара әріптестікті күшейту бағытында меморандумдарға қол қоюда

ttjk

Бесқарағай ауданында үш ауылдық округте жаңа мәдениет үйлері салынып жатыр

Назия Жоямергенқызы