АЛМАТЫЛЫҚТАР АЗА ТҰТТЫ

Бүгін Алматы қаласының тұрғындары  Ресейдің Алматыдағы консулдығына барып, Мәскеу облысындағы лаңкестік әрекетте қаза тапқандарды еске алу үшін гүл шоқтарын қойды.

 

Бейбіт заманда оққа ұшқан қарапайым адамдардың қазасына көңіл айтып, туғандарының қайғысына көңіл айтты.
Алматылықтардың қолдарындағы гүл дестелері мен «Аза тұрамыз» деген жазбалар ғимараттың қақпасының алдына қойылды. Қаза болғандарды еске алу үшін алматылықтар шам жақты.


2024 жылдың 22 наурызында Ресейдегі «Крокус сити холл» ойын-сауық орталығында концерт залында оқ атылып, шабуыл салдарынан 90-ға жуық адам қаза тапты. Жүздеген адам әртүрлі деңгейдегі жарақат алды.
“Түркітілдес журналистер қоры” ҚҚ.

Related posts

АТЫРАУ: «ЖУРНАЛИСТИКАДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ & YOUTUBE»

editor

Бас есепші бюджеттен 117 миллион теңге жымқырған

editor

Қазақстан азаматтары МАК-тан 880 млн теңге көлемінде төлемақы алды

ttjk