Алматыда қазақ журналистеріне арналған семинар өтті (фото)

8-9 қазан күндері Алматы қаласындағы “Қазақстан” қонақүйінде қазақ журналистеріне арналған «Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер» атты семинар-тренинг өтті.

Семинарды Түркітілдес журналистер қоры Шеврон компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды. Бұл туралы ttjk.info сайты жазды.

Екі күнге созылған семинарда елдің әр өңірінен жиналған тілшілер Түркия мен Италиядан, Өзбекстаннан келген спикерлердің дәрісін тыңдады.

Италиядағы Шетелдік журналистер ассоциацияcының президенті Эсма Чакыр, Түркиядағы Анталья Журналистер одағының төрағасы Идрис Таш, Түркия журналистер конфедерациясы Халықаралық қатынастар жөніндегі Бас үйлестірушісі Мевлут Йени, Өзбекстандағы «Народное слово» газетінің жауапты хатшысы Нурлан Усманов сынды беделді мамандар медиа тренер болды.

«COVID-19: инфодемия» тақырыбында дәріс оқыған Эсма Чакыр ханым журналистің қызметі, ақпаратты берудегі өзгешеліктер, соңғы кездегі жаңа тенденциялар тақырыбында құнды ақпараттар берді.

«Social Media: Definition, effects and list of top Apps» тақырыбында сөз қозғаған Идирс Таш мырза қазақ журналистері мазалаған сұрақтарға жауап берді.

Ал, Өзбекстаннан келген трентер Нұрлан Усманов өз еліндегі журналистердің қазіргі жай-күйі, оларды оқыту, дайындау сынды тәжірибелерімен бөлісті.

Екі күнге жалғасқан шараға қатысқан журналистерге арнайы сертификат табыстады.

Related posts

Мың құбылған доллар бағасы

editor

Есірткімен ұсталған жасөспірімдер өмір бойы түрмеге тоғытылуы мүмкін

editor

İstanbul’s historical ‘Golden Horn’ becomes a new world of charm

Назия Жоямергенқызы