ЕЛІМІЗДЕ ОҚУШЫЛАР БОТАНИКАНЫ ҰНАТАДЫ

 

Алматыда Young Citizen Scientists оқушыларға арналған жобаның финалы өтті.

Алматы, 2022 жылғы 29 қыркүйек – бүгін Алматықаласының Бас ботаникалық бағында «Шеврон»компаниясымен серіктестік аясында American Space Almaty (Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының жобасы) ұйымдастырған жобаның қатысушылары мен жеңімпаздарын марапаттаудың соңғы рәсімі өтті.  

«Young Citizen Scientists» («Жас ғалымдар мектебі») жобасы ағымдағы жылдың наурыз айында басталып, Алматы қ.БББ Ботаника және Фитоинтродукция институтының 90 жылдығына орайластырылды.

Жобаны ұйымдастырушылардың басты мақсаты-оқушылардың қоршаған ортаны зерттеуге деген қызығушылығын арттыру, сонымен қатар ботаника саласында теориялық білім ғана емес, практикалық зерттеу дағдыларын алуға мүмкіндік беру.  Жобаға қатысушыларды қабылдау конкурстық негізде өтті. Іріктеу нәтижелері бойынша жобаға 14-17 жас аралығындағы 40 оқушы қатысты, бұл ретте әрқайсысы өз бағытын таңдады, ал теориялық оқудан өтіп, өз білімін Ботаникалық бақтың зертханаларында тәжірибеде сынай алды.  

Маңызды білім беру бастамасы оқушыларға жазғы демалысты қызықты әрі пайдалы өткізуге, биолог-ғалымдардың жұмысын ішінен көруге және Алматының Бас Ботаникалық бағының ғылыми қызметкерлері рөлінде өзін сынап көруге бірегей мүмкіндік берді. Қатысушылардың білгірлігі мен ботаникаға деген шынайы қызығушылығы келешекте елімізге ғалымдардың жаңа буынын дарытады.

Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының БАҚ, мәдениет және білім мәселелері жөніндегі кеңісшісі Ананд Кришна бұл тәжірибе оқушылар мен мұғалімдердің Алматы қаласындағы экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері туралы хабардарлығын арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ ғылыммен айналысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді деп атап кетті.

«Біздің Young Citizen Scientist жобамыз экологиялық дүниетанымның, экологиялық мәдениеттің және жауапкершіліктің қалыптасуына ықпал етеді және жобаға қатысушылар экология саласында алған білімдері мен дағдыларын іс жүзінде қолдана алады, сондай-ақ өз іс-әрекеттерін Жердің әл-ауқаты үшін ықтимал салдарлар тұрғысынан түсініп, бағалай алады деп үміттенеміз», — деп атап өтті Жанар Қошпанова,  «Шеврон» компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі директоры.

«Бағдарламаға қатысу үшін ұсынылған тақырыптардың біріне эссе жазу керек болды. Мен «Өсімдіктерді аурулар мен зиянкестерден қорғау»тақырыбын таңдадым, себебі бұл қазіргі әлемдегі жаһандық проблема», — деп бөлісті 11 сынып оқушысы, Астана қаласынан келген жоба қатысушысы Ерсұлтан Тоқтамысов.

Жаз бойы жобаға қатысушылар Институттың әртүрлі зертханаларының ғылыми қызметкерлері дайындаған бағдарлама бойынша жұмыс істеді: тұқым шаруашылығы, Микология және альгология, тропикалық және субтропикалық өсімдіктер зертханалары. Ғылыми қызметкер, фитопатолог Мадина Махмутовна Измайлованың жетекшілігімен балалар фитопатология және энтомология негіздерін, қауіпсіздік техникасы ережелерін зерттеді, теориялық білім, практикалық дағдылар алды және табиғатта экологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан қорғау дағдыларын пысықтады. Ботаникалық бақтағы практикалық сабақтар жас ғалымдардың ерекше қызығушылығын тудырды, олардың барысында олар зардап шеккен өсімдіктерді нақты зерттеді, зиянкестерді анықтап, материалдар жинады, сонымен қатар гербарий материалымен жұмыс істеуді үйренді және жәндіктердің жеке коллекцияларын жасады.

Марк Шкловский, Алматы мектебінің 11 сынып оқушысы бала кезінен бастап футболдың орнына басқа балаларда қорқыныш тудыратын энтомологияға (жәндіктер туралы ғылым) сирек әуестенуді жөн көрді. Сондықтан ол уақыт өте келе жәндіктер басқаларға қызықты емес деген пікірге көнді. «Мен American Space, Шеврон және Алматы Ботаникалық бағының фитопатология және энтомология бөлімшесі бар Young Citizen Scientists жобасын құрғанын көргенде, балалық шақтың арманын іске асыра алатынымды түсіндім! Мен бұған дейін назар аудармаған өсімдіктердің патологиялары туралы көп нәрсе білдім, енді мен еменнің тарихын сенімді түрде суреттей аламын және симптоматология арқылы оған қандай ауру әсер еткенін анықтай аламын», – деп бөлісті Марк өзінің эмоцияларымен.

Милана Калишук жоба туралы өз әсерлерімен бөлісті:«Тілдерден басқа, мен әрқашан биологияны жақсы көретінмін. Бұл ғылымға деген сүйіспеншілік мені өз тақырыбымен баурап алған мұғалімнің арқасында пайда болды. Мен бос уақытымда өсімдіктер өсіру бойынша түрлі шағын тәжірибелермен айналысамын. Мен осы немесе басқа өсімдіктің қай жерде және қандай жағдайда өсе алатынын түсіну үшін шағын экожүйелер жасаймын».

 

Оқушылар үшін қызықты дәрістер, мастер-кластар, экскурсиялар, практикалық сабақтар, сондай-ақ әдеби воркшоптар ұйымдастырылды. Осылайша, HelloEco компаниясы қоқысты бөлек жинау және саналы тұтыну бойынша мастер-кластар сериясын өткізді, ал Zero Waste қоғамдық қозғалысының өкілдері «нөлдік қалдықтар» тұжырымдамасымен таныстырды. Жобаға қатысушылар бүкіл Жер үшін қоқыс қалдықтарын санаттар бойынша дұрыс сұрыптаудың маңызды дағдысын үйренді, алған тәжірибесін өз үйлерінде қолданып қана қоймай, өз мектептеріндегі эко-үрдістер туралы айтып беруге уәде берді.

«Біздің қызметіміздің маңызды бағыттарының бірі ғылымды дәріптеу және білім беру қызметі болып табылады. Институт еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық жасайды, студенттер біздің институт базасында тағылымдамадан өтіп, диссертация жазады, біз оқушыларды білім беру шеберлік сабақтарына қатысуға тартамыз.  Жас Ғалымдар Жобасы да оқушылармен жұмыс істеуге бағытталған.  Мұндай жоба әртүрлі елдерде жүзеге асырылады және әлемге Young Citizen Scientists деген атпен танымал. Біздің елімізде ол АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы мен Chevron компаниясы арасындағы әріптестікте біздің Бас Ботаникалық бағымыздың негізінде іске қосылды», — деді маркетинг және PR директоры Баян Қоспенбетова.

Жобаның арнайы қонағы АҚШ-тан келген балалар жазушысы және эколог-педагог Эрин Робертсон болды. Ол үш күнді Алматының Ботаникалық бағында жас ғалымдармен бірге өткізді, онда олар қоршаған әлемді бақылау мен әдеби дағдыларды біріктіретін Эрин жасаған ерекше жазу әдісін танып білді. Шығармашылық ғылыми жазу әдісі шынымен де жұмыс істейді, өйткені осы құралды қолдана отырып, ғалымдар күрделі процестер туралы қол жетімді түрде айтып қана қоймай, сонымен қатар ғылымдарға деген қызығушылықты жаппай құбылысқа айналдырады. Эрин Робертсон  «жақсы ғалымдарды дайындау үшін біз жақсы жазушылар мен ынталы адамдарды дайындауымыз керек» деп сенеді.

Мектеп ғылымын дәріптеу, қазақстандықтардың экологиялық мәдениетінің деңгейін арттыру, сондай-ақ оқушылардың қоршаған ортаға ұқыпты және жауапты қарым-қатынасын дамыту мәселелері өзіне қоғам назарын аудартатынын ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов бірнеше рет айтқан болатын.

Related posts

«Путеводитель по медленному путешествию» для исследования Турции в своем собственном темпе

editor

Sulfur granulation plant has been commissioned at Tengiz

ttjk

ШУША — 2023 ЖЫЛЫ ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ

ttjk