«Шеврон» Еуразия бөлімшесінің жаңа Басқарушы директорын тағайындады

Алматы, Қазақстан, 2021 ж., 20 қыркүйек – Штаб-пәтері Қазақстанда орналасқан «Шеврон» компаниясының Еуразия бизнес бөлімшесінің (ЕББ) Басқарушы директоры етіп Дерек Магнесcті тағайындағанын хабарлайды. Ол 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмысқа кіріседі. Магнесc мырза 2018 жылдан бастап Еуразия бизнес бөлімшесінің басқарушы директоры болған Джон Балтц мырзаның орнына келеді.
Дерек Магнесc Луизиана штатының университетінде (АҚШ) электротехника бакалавры дәрежесін алып 1997 жылы «Шеврон» компаниясында өз жұмысын жер бетіндегі құрылыс инженері ретінде бастады. Содан кейін ол Оңтүстік Африка, Ангола, Польша, Ұлыбритания мен АҚШ -тағы Шеврон компаниясында бірқатар жоғары және басқарушылық қызметтерді атқарды. Магнесc мырза сонымен қатар 2009-2012 жылдары Қазақстанда EББ басқарушы директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
«Мен үшін Қазақстанға жаңа қызметке оралу үлкен мәртебе, және мен «Шеврон» компаниясының Еуразиядағы жұмысына қатысқаныма өте қуаныштымын, — деді Дерек Магнесc. – Мен серіктестерімізбен ортақ жетістіктерімізді одан әрі нығайту үшін осы маңызды аймақтағы жұмысты жалғастыруға асықпын».
Балтц мырза компанияда 41 жылдан астам қызмет еткеннен кейін 2022 жылдың сәуірінде зейнеткерлікке шығады.
«Қазақстанда жұмыс істеу менің халықаралық мансабымдағы ең маңызды сәттердің бірі болды. Мен және менің отбасым осы керемет елде көптеген жақсы дос таптық, және бұл ел ерекше есімізде қалады».
«Шеврон» — дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, тасымалдау жанар-жағар май, мұнай химиясы мен қоспаларын шығарады және біздің бизнесіміз бен өнеркәсібімізді жақсартатын технологияларды дамытады. Көміртек шығарындылары төмен болашақ құру үшін біз көміртек өндірісін тиімді төмендетуге, жаңғырмалы энергия көздерінің көлемдерін арттыруға, бизнесті қолдау үшін өтемақы, сонымен қатар төмен көрміртекті коммерциялық мақсаттағы технологияларға инвестициялауға ерекше назар аударамыз. «Шеврон» Қазақстанның екі ірі мұнай кен орнын: Теңіз бен Қарашығанақты игеруге қатысады:. Шеврон сонымен қатар Каспий құбыр консорциумының ірі жеке акционері болып табылады және Атырауда өндірістік қондырғыны басқарады.
«Шеврон» туралы қосымша ақпарат алу үшінhttp://www.chevron.com сайтына кіріңіз.

Related posts

Алматыда 660-қа жуық жоба қаржыландырылған

editor

СТАМБҰЛДАҒЫ ЖАРЫЛЫС: 36 ШЕЙІТ, 150-ГЕ ЖУЫҚ ЖАРАЛЫ

Назия Жоямергенқызы

Қылмыстық топтың 50 мүшесі ұсталды

editor