«Менің жаным түркі» (Benim Yarim(Yarım) Türk)

Өткенде «Қазақстан» қонақ үйінде өткен ауызашарда DEV EXPO GROUP компаниясының басшысы Сердар Четинкаямен танысып едік. Жүзі жарқын, мәдениетті жан екен. Бізді ыстық ықыласпен қарсы алып орындарымызға жайғастырып жатып «егер бизнес туралы әңгімелескілерің келсе мен сендерді өз кеңсемде күтем» деген болатын. Міне, бүгін сәті түсіп Фурманов бойында орналасқан офисіне соға кеттік. Тағы да сол құрақ ұшып қарсы алып, достық жайында, ел жайында, әсіресе бизнес жайында әңгіме-дүкен құрдық.

11741776_679235925542322_1414993446_n
Әңгімемізден түйгеніміз түркітілдес елдердің бизнесі бір шаңырақта топтасса әлемдегі кез-келген дағдарысқа оңай төтеп бере алатын едік, және де ортақ нарық пайда болатын еді.
Сердар бей мамандығы құрылысшы бола тұра журналистикада, әлеуметтік желіде белсенді. Фейсбук парақшасындағы «Менің жаным түркі» (Benim Yarim(Yarım)Türk) деп аталатын үлкен топтың модераторы.
«Түркітілдес журналистер» қорының ұйымдастыруымен алдағы күндері Сердар мырзаға тиесілі өндіріс орындарын аралайтын болдық.

Асқар Беков

11745757_679247608874487_9084750519862787271_n

Related posts

Қонақүйлердің сұлтаны!

ttjk

Қазақстандағы «Қазақстандамыз»

ttjk

Қазақстанда да қолға алынса…

ttjk