«Қазақстанның даму банкі» мен «Bagalau Qazaqstan» ынтымақтасты

«Қазақстанның Даму банкі» АҚ (ҚДБ, «Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы) және «Bagalau Qazaqstan» Қазақстан бағалаушыларының орталық бірлестігі» ӨҰ бірден бірнеше түйінді бағыттар бойынша ынтымақтасу ниетінде. Бірінші кезекте – тиісті қызмет салаларында тәжірибемен және біліммен алмасу, сондай-ақ ақпараттық, әдістемелік және сараптау-техникалық өзара көмек көрсету.

ҚДБ қаржыландыратын жобалардың технологиялық күрделілігі, инвестициялық бағыттарының әртүрлілігі және ауқымдары оларды бағалау кезінде тәуелсіз, кәсіби сараптамалық пікір тартуды талап етеді. Атап айтқанда, жобалар бойынша сыртқы бағалау талдаудың үшінші – банктік сараптама кезеңінде қажет. «Бағалау қызметі туралы» жаңа Заңның күшіне енгенін және соның салдары ретінде бағалау қызметінің өзін өзі реттеуге көшкенін ескеретін болсақ, осы меморандумға қол қою аса өзекті болып отыр. Бүгінде, «Bagalau Qazaqstan» бағалаушылар палатасы өзіндік бір бағалаушылар қызметін реттеуші бола отырып, Банктің қарыз алушыларына Палата мүшелері көрсететін жоғары стандарттардың кепілі болып табылады.
«Ынтымақтастықтың осындай форматы барынша тиімді деп есептеймін. Банк бүгін қол қойылған келісімнің шеңберінде әсіресе даулы мәселелер бөлігінде Бағалаушылар палатасының Сараптау кеңесінің көмегіне жүгінуді жоспарлап отыр. Бұдан басқа, біз қазір ҚДБ қызметкерлерін Сараптау кеңесінің құрамына енгізу туралы мәселені қарастырудамыз. Осыған байланысты, біз Банк пен «Bagalau Qazaqstan» бағалаушылар палатасы мақсаттарының үйлесетініне өте қуаныштымыз – ол, бірінші кезекте, бағалаушылар біліктілігінің артуы, кәсіби мүдделердің қанағаттандырылуы, бағалау қызметін жетілдіруге және бағалау жөніндегі есептердің сапасын жетілдіруге жәрдемдесу», – деп атап өтті ҚДБ Басқарушы директоры Бақыт Сұрапбергенов.
Тараптар тәжірибемен және білімдерімен алмасуды бірлескен семинарлар мен форумдар өткізуден бастайды. Оның үстіне, енді екі жақты келісімнің болуы әдістемелік, сараптамалық және техникалық деректермен оңай алмасуға мүмкіндік береді. «Bagalau Qazaqstan» бағалаушылары және ҚДБ өкілдері бағалау қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді бірлесіп әзірлеуге және халықаралық деңгейдегі стандарттар мен әдістемелерді енгізуге кіріседі. Қазір «Bagalau Qazaqstan» палатасының құрамына 332 бағалаушы кіретінін атап өткіміз келеді, олардың арасында халықаралық компаниялардың да өкілдері бар.
«Біз елдің ең ірі инвестициялық банкімен ынтымақтастықты нығайтқанымызға қуаныштымыз. Менің пікірімше, осындай түрдегі тығыз өзара іс-қимыл бағалаушылардың кәсіптік ортасын қалыптастыруға ықпал етеді», – деп атап өтті «Bagalau Qazaqstan» бағалаушылар палатасы Басқармасының төрағасы Ерлан Есжанов.

«Қазақстанның даму банкі» АҚ (ҚДБ) – 2001 жылы құрылған Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұлттық даму институты. Қызметінің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеу өнеркәсібін дамыту, ел экономикасына жәрдемдесу және сыртқы және ішкі инвестициялар тарту. ҚДБ үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларының аса ірі инвестициялық операторларының бірі болып табылады. ҚДБ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның құрылымына кіреді.
«Bagalau Qazaqstan» Қазақстан бағалаушыларының орталық бірлестігі» өзін-өзі реттейтін ұйым» бағалаушылар палатасы 2018 жылғы 12 маусымда құрылған. Оның негізгі функциялары: біліктілік емтихандарын өткізу және біліктілік куәліктерін беру, сондай-ақ бағалаушыларды кәсіптік даярлаудың деңгейін айқындау үшін аттестаттау жүргізу, бағалау туралы есептерге тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыру, Палата мүшелеріне бағалау қызметі бойынша тәжірибе алмасу бойынша жәрдемдесу.

Related posts

19 МАМЫР — АТАТҮРІКТІ ЕСКЕ АЛУ, ЖАСТАР ЖӘНЕ СПОРТ КҮНІ

ttjk

Алматы: он жылдағы рекордтық көрсеткіш

Назия Жоямергенқызы

Түркиямен серіктестік: кондитер фабрикасы ашылды

ttjk