«ӘЛЕУМЕТТІК ЖУРНАЛИСТИКА:БАҚ-тағы ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР»

«Түркітілдес журналистер қоры «Шеврон» компаниясының қаржылай қолдауымен, 2019 жылдың 29-30 шілдесінде Алматы қаласында және 10-11 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында «Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер» тақырыбына қазақ журналистер үшін тегін семинар-тренинг өткізеді.
Аталған шараға Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент, Тараз, Талдықорған, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Орал, Жезқазған, Көкшетау, Семей, Өскемен, Ақтау, Атырау т.б. Қазақстанның барлық облыс-аудан, аймақтарынан журналистер шақырылады. Ұлыбританиядан арнайы шақырылған медиа-тренер, Ватан Өз семинарға

қатысушыларға еуропалық бұқаралық ақпарат құралдарында әлеуметтік тақырыптағы ақпараттардың ресми құжаттарға сәйкес болуы, қылмыстық және азаматтық жауапкершілік, әлеуметтік мәселелер және жалған хабарлар (fake news), сақтауға міндетті этикалық қағидалар, зиянды ақпараттар дайындайтын дереккөздер (troller), деректерді тексеру (fact checkıng), Ұлыбританиядағы BBC, Reuters, CNN арналарында әлеуметтік мәселелерді жариялау жолдары туралы дәріс оқиды.
Екі күнге созылатын семинар-тренингке Түркітілдес журналистер қорының медиа-тренерлер мектебінің тәжірибелі мамандары да тартылған. Мысалы, Ұлыбританиядағы Лестер университетінің PhD докторы, Оксфорд университетінің құқық магистрі, БҰҰ-ның заң кеңесшісі Халида Әжіғұлова журналистердің қызметін реттейтін халықаралық және қазақстандық құқықтық стандарттар, БАҚ-та және әлеуметтік желідегі агрессия, жеке бастың қауіпсіздігі мен құпиясы, анонимдікті сақтау т.б. айтады.
Еліміздегі әлеуметтік мәселелерді қозғайтын «Қарекет» бағдарламасының продюсері Самал Мейрамқызы отандық

телеарналардағы әлеуметтік тақырыптар: бағдарламаларды талдау, резонанс тудыру, журналистің ықпалы, әлеуметтік журналистиканың этикалық нормалар мен журналистің рөлі жайлы тәжірибесімен бөліседі.


Ал әлеуметтанушы-журналист Дина Имамбаева сандық зерттеу әдістері: сауалнама (статистика), контент-анализ бен сапалық зерттеу әдістері: фокус-группа, тереңдетілген интервью, сауалнаманы өңдеу, инфографика жасау жолдарын көрсетеді.

Сонымен қатар медиа-тренер Ернұр Зейнуллаевпен бірге интернет журналистика, диджитал медиаға қатысты аудио-видео монтаж, қосымшалармен жұмыс істеу т.б. қарастырылған.

Related posts

MADE IN KAZAKHSTAN

ttjk

V ТҮРІК ФИЛЬМДЕРІ АПТАЛЫҒЫ

Назия Жоямергенқызы

Стамбұл 2023 жылы круиздік туризмнің орталығына айналады

ttjk