«BILGEN-DARA BOL» — ЖАС ЖУРНАЛИСТЕР БАЙҚАУЫ

«BILGEN-DARA BOL» БАЙҚАУЫ

Достар, журналистикаға бейімі бар 2-11 сынып оқушыларының байқауын жариялаймыз. Бірінші жəне екінші кезеңде оқушылар мақала жазады. 3 пен 4-кезең аудио мен видео түсіреді. Тақырыптар оқушылардың жас ерекшелігіне қарай Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» мақаласынан алынды. Байқауға қатысу үшін алдымен www.bilgen.academy порталына тіркеледі де, ақысын төлейді (1 мың теңге). Төлемдерді Каспий банкі, Қазпошта, Qiwi, Kassa24 арқылы жасауға болады. Қатысушы бірінші кезеңде таңдаған тақырыбын 4-кезеңге дейін терең зерттейді. Бірінші кезеңнен кейін өзгертілмеуі шарт. Талаптар Ережеде толық жазылған.
Сəуір айындағы Түркітілдес журналистер қорының Жас журналистер мектебі оқушыларына арналған Стамбұл-Бұрса-Муданья-Трилия-Ескішаһар жобасына «DARA BOL» байқауының екі кезеңінен өткен (мақала жазу) 10-13 жастағы оқушылар ғана қабылданады.
Балаларымыз — жарқын болашағымыз.
Байқауға қатысатын барлық балаға сəттілік тілейміз! 😊

Мектеп оқушылары арасында «BILGEN-DARA BOL» Ұлттық шығармашылық байқауын «Ұлы даланың жеті қыры » тақырыбымен өткізу
ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Оқушылар арасында өткізілетін Республикалық «BILGEN-DARA BOL» шығармашылық байқауы (бұдан әрі – Байқау) «Түркітілдес журналистер қоры» Қоғамдық қоры мен «Bilgen» ұлттық авторлық методика және бағалау» орталығы тарапынан ортақ серіктестік негізінде «Serpin» білім және инновация ұлттық палатасының» қолдауымен, Қазақстандағы және шет елдердегі мектеп оқушыларының шығармашылық қарымын күшейту және оларды ынталандыру мақсатында өтеді.
2. Байқаудың міндеттері:
Мектеп жасындағы балалардың шығармашылық қабілетін шыңдау, ой-пікірін жатық жеткізуге баулу, журналистика саласына бейімі бар балалардың кәсіби біліктілігін көтеру;
Оқушыларды ынталандыру;
3. Байқаудың негізгі тақырыбы, сыйлықтарды тағайындау және дипломдар мен бағалы сыйлықтарды тапсыру Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласымен сабақтастырылады.
4. Байқау жеңімпаздарын анықтау және бағалы сыйлықтарды тағайындау Ұйымдастыру комиссиясы бекіткен Қазылар алқасына жүктеледі.
5. Қазылар алқасының құрамына танымал журналистер, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіре алады.
6. Қазылар алқасы жеңіске талпынған қатысушыларды іріктеу барысында келесі шарттарды басшылыққа алады:
* материалдардың объективтілігі;
* кәсіби шеберлігі;
* таңдалған тақырыптың көтерілуі және оны жан-жақты ашып көрсету;
* материалдар туғызған қоғамдық резонанс пен түйткілдерді шешу жолдары;
* жұмыстардың шығармашылық толымдығы;

7. Байқауды өткізуді үйлестіру.
Байқауды өткізу жұмыстарын үйлестіру «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті және «Bilgen» ұлттық авторлық методика және бағалау» орталығы бекітетін Байқаудың Ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) жүктеледі.
8. Ашықтық.
Осы Ереже байқауға қатысуға үміткер, қызығушылық танытушы тұлғалардың барлығына танысу үшін ұсынылады. Ереже БАҚ-та жарияланады.

2. Байқауға қатысу шарттары

9. Байқауға қатысушылар.
Байқауға жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың дарынды балаларға арналған мамандырылған білім ұйымдарының 2-11 сынып оқушылары (1, 2, 3, 4-кезеңдерде өз білімін дәлелдеп, барлық кезеңге жолдама алған оқушылар) қатысады. Материалдар қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде қабылданады.

10. Байқауға қатысу ақылы, ерікті түрде демеушілердің және ата-аналардың жарнасының негізінде өткізіледі.
Байқауға қатысу ақысы:
бірінші кезең (мектепішілік) – 1000 теңге;
екінші кезең (аудандық)– 2000 теңге;
үшінші кезең (облыстық, қалалық) – 3000 теңге,
төртінші кезең (қалалық және республикалық деңгей) – 10 000 теңге.
Төлем жасау жолдары (Kaspi.kz, Казпочта, Qiwi, Kassa24) арқылы болады. Төлем жасалғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде жеке кабинет толық ашылады.
• Каспий банк бойынша Kaspi.kz қосымшасы арқылы (Төлемдер бөлімінде, білім сілтемесіне кіріп, ондағы мектеп бөлімінде Bilgen Academy сөзін жазып, оқушының жеке мәліметтерін енгізіп, төлем жүргізе береді) және Каспий банк бөлімшелері арқылы төлем жасауға болады.
• Казпочта арқылы төлем жүргізу шарты: жергілікті мекен жай бойынша Казпочта бөлімшесіне барып, 10230 төлем коды арқылы Bilgen Academy порталына оқушы мәліметін енгізіп, төлем жасай береді.
• Kassa24 төлем төлеу терминалдары бойынша: Төлемдер бөлімінде Bilgen Academy платформасына кіріп, сол жерден оқушының жеке мағлұматтарын енгізіп төлем жасай береді. (Наурыз айынан бастап)
• Qiwi төлем төлеу терминалдары бойынша: Төлемдер бөлімінде Bilgen Academy платформасына кіріп оқушының жеке деректемелерін енгізу арқылы төлем жасай береді. (Наурыз айынан бастап)
Алынған қаражатты Ұйымдастыру комитеті іссапар шығындарына, төрелік (Әділқазылар алқасы) жұмыстарына, аймақтарда Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін Ұйымдастыру комитеті – сертификаттарды және дипломдар дайындауға, сыйлықтарды алуға, тапсырмаларды әзірлеуге, тексеруге, сервердің жұмысына және Байқауды ұйымдастыруға қатыстытағы басқа қажеттіліктерге жұмсайды.

11. Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар:
А) Байқауға ұсынылатын материалдар Ұйымдастыру комитеті тарапынан бекітілген тақырыптарға сәйкес болуы шарт.

Ұсынылатын тақырыптар:

2-3- сыныптар – «Туған Жер», «Менің отбасым», «Бақытты балалық шақ»;
4-5-сыныптар – «Алтын адам», «Қазақстан – алманың Отаны», «Қазақстан – қызғалдақтың Отаны»;
6-7-сыныптар – «Ұлы Жібек жолы», «Ұлы даладағы атқа міну мәдениеті», «Ежелгі Қазақ жеріндегі киім тігу өнері»;
8-9-сыныптар – «Ұлы даланың фольклоры мен әуендері», «Көшпенділер және аң стилі», «Қазақстандағы сақ, ғұн, ұлы түрік қағанаттарының дәуірі»;
10-11-сыныптар – «Ұлы даладағы ежелгі металлургия», «Қазақстанда табылған тарихи жәдігерлер және ежелгі технологиялық революция», «Қазақстан – түркі халықтарының қарашаңырағы».

Ә) Қатысушылар http://bilgen.academy/ порталына тіркеліп, Байқауға қатысу ақысын төлегеннен кейін ғана материалдарын жүктеуге және жеке кабинетті пайдалануға мүмкіндік алады. Ұсынатын материалын жеке кабинетіне жүктегеннен кейін Ұйымдастыру комитетінің тексеруінен өтіп, бағаланып, келесі деңгейге өтуі немесе өтпегендігі жайлы ақпараттандырылады. Үміткер көрсеткен нәтижеге байланысты шешім де жеке кабинетте қабылданады: келесі деңгейге өткен қатысушыға сертификат тапсырылады. Өтпеген қатысушыларға белсенділігі үшін “Алғыс хат беріледі”. Оны «Сертификат» деген бөлімнен көре алады.

Б) Байқауға қатысушылар ұсынылған тақырыптардың біреуін бірінші кезеңде таңдап алып, төртінші кезеңге дейін сол тақырыпты жан-жақты зерттеп, толықтырып отырады. Бірінші және екінші кезең жазбаша өтеді. Үшінші кезеңде қатысушы материалын жеке кабинетіне аудио түрінде жүктейді. Ұзақтығы 2 минуттан аспайтын аудиоматериал Байқауға қатысушының өз дауысымен жазылуы тиіс. Төртінші кезеңге өткен қатысушы бірінші кезеңде таңдаған тақырыбын толықтырып, видеосюжет түрінде дайындайды. Ұзақтығы 3 минуттан аспауы тиіс. Видеоматериал YouTube арнасына #BILGEN-DARA BOL хэштегімен жүктеліп, сілтемесі қатысушының жеке кабинетінде көрсетілуі шарт.

12. Байқауға ұсынылатын жұмыстардың саны.
Байқаудың әр кезеңі бойынша бір қатысушы ұсынатын материалдардың саны 1 жұмыстан аспауы міндетті.

13. Жұмыстар байқаудың Ұйымдастыру комитетіне хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей ұсынылады. Байқау тақырыбына сәйкес емес және талаптарға сай келмейтін материалдар, ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жұмыстар Байқауға жіберілмейді. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді. Ұйымдастыру комитеті қатысушының келесі кезеңге не себепті өтпей қалғанын түсіндіруге міндетті емес.

3. Байқаудың өту кезеңдері

14. Байқаудың бірінші, екінші, үшінші кезеңдері 2019 жылдың 1 ақпан мен 20 мамыр аралығында өткізіледі. Байқауға материалды ұсыну уақытын қатысушы өзі таңдайды. Төртінші кезең 2019 жылдың маусым айының үшінші онкүндігінде өткізіледі. Оның нақты уақыты мен өткізілетін орны қосымша хабарланады.

4. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі

16. Жас ерекшеліктеріне қарай Байқау жеңімпаздары келесі шарт бойынша анықталады: ең жоғары ұпай жинаған қатысушылар:

Бас жүлде – «БІЛГЕ» (1 жеңімпаз);
1-орын – «КЕМЕҢГЕР” (2 жеңімпаз);
2-орын – «БІЛІМДІ» (3 жеңімпаз);
3-орын «АҚЫЛДЫ» (4 жеңімпаз) деген мәртебеге ие болады.

17. Қатысушылардың барлығына «BILGEN-DARA BOL» байқауына қатысқанын растайтын қағаз табысталады. Жеңімпаздарға «Түркітілдес журналистер қоры» Қоғамдық қоры мен «Bilgen» ұлттық авторлық методика және бағалау” орталығы атынан сертификаттар беріледі.

18. Жалпы білім беретін мектептердегі 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11-сынып оқушыларының жеңімпаздарына (Бас жүлде) арнайы стипендия тағайындалады.

19. Қатысушы тарапынан туындаған сұрақтар бойынша қайта қарау (апелляция) жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін қатысушы қолында нақты дәлелді ақпарат болуы міндетті.

20. Аппеляция 3-4 күннің ішінде түскен өтінімдердің санына қарай және Ұйымдастыру комитеті бекіткен кестеге сәйкес өткізіледі.

21. Ережеде өзгерістер болуы мүмкін, өзгерістер сол шыққан күннен бастап күшіне енеді.

22. Байқаудың әр кезеңі бойынша Әділқазылар алқасы Байқаудағы жас ерекшелігіне қарай құрылған топтардан үздік ондықты анықтайды (жалпы саны – 50 оқушы):

А) Жұмыстарды бағалау барысында Қазылар алқасы үздік ондыққа тиесілі әр топтан іріктелген 50 материалды баллдық көрсеткішпен бағалайды. Ең жоғарғы балл – 70 балл. Қалған 40 пайызды үздік ондық құрамындағы қатысушылар дауыс беру арқылы өздері анықтайды.
Ә) Бағалау қорытындысында жинаған баллына қарай жеңімпаздар арасынан үздік ондықтар айқындалады. Ол үшін үздік ондыққа ілінген үміткерлер Астана қаласында өткізілетін Марапаттау салтанатына қатысуы шарт. Егер қатысушы шараға келмесе, Байқауға ұсынған жұмысы дауысқа салынбайды.

23. Байқау аяқталғаннан кейін 1, 2, 3-кезеңдер бойынша 5 күннің ішінде Байқау қорытындысы бірінші балалардың жеке кабинетінде http://bilgen.academy/ жарияланып, жалпы есептік қорытынды (4-кезең – республикалық деңгей) «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ ресми сайты www ttjk kz және «BILGE» орталығының ресми сайтында www.bilge.kz жарияланады.

24. Республикалық деңгейдегі 4-кезең жеңімпаздары Марапаттау салтанаты өтетін күні Қазылар алқасы мен үздік ондыққа ілінген қатысушылар тарапынан анықталады. Үздіктер қатарында болса да, Марапаттау салтанатына қатыспаса, жеңімпаз орынға үміткердің еңбегі бағаланбайды.

24. Жеңімпаздарды марапаттау.
Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты Ұйымдастыру комитеті бекіткен күні Астана қаласында өтеді.

4. Байқау материалдарын бағалау және іріктеу процедурасы

25. Байқау материалдарын бағалау барысында келесі шарттар назарға алынады: белгіленген тақырыпқа сәйкестік; жаңашылдық; мәселені талдаудың тереңдігі; нақтылық пен логикалық негізделуі; мазмұндау стилі мен тілі, техникалық сапасы; авторлық тұжырымдаманың дербестігі; жарияланымда немесе дыбыстық-визуалдық жұмыста мазмұндалған ақпараттың нақтылығы мен шынайылығы; журналистиканың этикалық принциптеріне сәйкестігі; сыртқы безендірілуі.

5. Ұйымдастыру комитетінің құқықтары мен міндеттері

26. Ұйымдастыру комитеті:

Байқау туралы осы Ереженің талаптарына сәйкесіздіктерді негізге ала отырып,
үміткерді Байқауға қабылдамауға;
Қандай да бір үміткерге қатысты Әділқазылар алқасының мүшелері өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны анықталған жағдайда Байқау қорытындыларын жоққа шығаруға құқылы.

27. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:

А) Барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;
Ә) Байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз ету;
Б) Байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу.

6. Әділқазылар алқасының құқықтары мен міндеттері

28. Әділқазылар алқасы мыналарды іске асыруға құқылы:

Байқауға түскен материалдарға баға беру;
Жеңімпаздарға сыйлықтар тағайындай отырып, байқауды қорытындылау.

29. Әділқазылар алқасының міндеттері:

Барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;
Байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу.

7. Қатысушылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

30. Байқауға қатысушылар мыналарды іске асыруға құқылы:
А) Байқаудың өту шарттары мен тәртібі туралы ақпараттар алу;
Ә) Ұйымдастыру комитетінен осы Ереженің тармақтарына түсіндіруді сұрау;
Б) Байқауға қатысу үшін материалдар жолдау.

31. Байқауға қатысушылардың міндеттері:
А) Байқаудың мән-жайымен алдын-ала танысу және Байқауға қатысу үшін қойылатын талаптарды орындау;
Ә) Осы Ереженің талаптарына сәйкес рәсімделген материалдарды уақытылы ұсыну;
Б) Осы Ережеде қарастырылған талаптар мен процедураларды сақтау.

32. Байқауға қатысушылар келесілер үшін жауапты:
А) Материалдар мен түйіндемеде көрсетілген ақпараттардың шынайылығына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін;
Ә) Осы Ережеде белгіленген шарттарды, ережелер мен процедураларды сақтамағаны үшін.
Б) Ұсынылған материалдыңдың плагиат болмауына, өзінің ұсынған материалдарының қатысушының еңбегі екендігін растауға.

8. Медиа ресурстар

Байқауға ақпараттық қолдау жасауды ақпараттық серіктестіктер қамтамасыз етеді.

9. Ұйымдастыру комитеті туралы байланыс ақпараты:

Байқаудың Ұйымдастыру комитеті: Алматы қаласы, «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ, Алматы қаласы, Жароков 39А, офис 401. Байланыс телефоны: 87788783408, 87054778956, 87786916331.
Алматы қаласы, «Bilgen» ұлттық авторлық методика және бағалау” орталығы. Алматы қаласы, Байзакова 125, нжп 3,10этаж. Байланыс: center@bilge.kz, darabol@bilge.kz.

 

Related posts

Бакуде 2015 Еуропа ойындары

ttjk

ҚАЗАҚСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚЫМБАТТАДЫ

ttjk

ОСК заңды тұлғалардан хабарлама келгенін мәлімдеді

ttjk