Ең төменгі мөлшерлеме енді жоқ: 4 маусымнан бастап Отбасы банкінде не өзгереді?

Отбасы банкі аралық қарыз бойынша «құбылмалы» мөлшерлемеден бас тартуды ұйғарды. Егер бұрын ол жылдық 6-дан 8,5 пайызға дейінгі аралықта болса, 2026 жылғы 4 маусымнан бастап бірыңғай 8,5 пайыз мөлшерлемесі қолданылады.

4 маусымнан бастап Отбасы банкінде аралық қарыз бойынша бірыңғай мөлшерлеме — 8,5 пайыз қолданыла бастайды.

Анықтама. Аралық қарызды Отбасы банкінде салымшының үй құнының 50 пайызы болған, бірақ депозитіне үш жыл толмаған жағдайда (банк шарты) алуға болады.

Бұл ретте бағалау көрсеткішінің ең төменгі мәні өзгеріссіз қалады.

«Аралық қарыз алу үшін ол (бағалау көрсеткішінің мәні — ред. еск.) 5-ке жетуі тиіс. Оны тұрғын үй құнының 50 пайызы мөлшерінде депозит толықтырылған сәттен бастап кемінде алты ай өткен соң алуға болады. Сол кезде банк аралық қарыз береді», — деп түсіндірді Отбасы банкінің баспасөз қызметі.

Қазір (2026 жылдың 4 маусымына дейін) мөлшерлеме мақсатына және бағалау көрсеткішінің мәніне қарай жылдық 6-дан 8,5 пайызға дейін ауытқиды.

Бірыңғай мөлшерлеме тек жаңа қарыздар үшін қолданыла бастайды. Алдын ала мақұлдау алып қойғандар несиені бұрын ұсынылған шарттармен рәсімдей алады.

Аралық қарыз бойынша бірыңғай мөлшерлеме мына ипотекалар үшін қолданылады:

  1. Банктің нарықтық бағдарламалары — тұрғын үй немесе жер учаскесін сатып алу, үйді жөндеуге және құрылысқа арналған несие.
  2. «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» жобасы, «Өз үйім» бағдарламасы бойынша несиелер.
  3. «Әскери баспана».

Банкте тұрғын үй және алдын ала қарыздар бойынша мөлшерлемелер бұрынғыдай қалатынын атап өтті. Өзгерістер тек аралық қарызға қатысты.

Tengrinews.kz

Related posts

Байқау мәресіне жетті

editor

Culture Travel | A Comprehensive Guide to Traveling in Myanmar

ttjk

Bangkok Travel Guide — Things To Do & Vacation Ideas

ttjk