Айбек Дәдебай “Әділет“ партиясын басқаратын болды

Айбек Дәдебай жаңадан құрылған «Әділет» саяси партиясының төрағасы болды. Тиісті шешім 7 мамырда өткен партия съезінде қабылданды.

«Әділет» партиясының құрылтай съезінде оның құрылғаны ресми түрде жарияланды. Партия өзін Президенттің реформалар бағытын қолдаушы саяси күш ретінде таныстырды.

Партия мүшелері саяси кеңес құрамын жасақтап, жарғыны бекітті және Президент Әкімшілігінің бұрынғы басшысы Айбек Дәдебайды партия төрағасы етіп сайлады.

Съезде сөз сөйлеген Айбек Дәдебай партия әділдік идеологиясын қазақстандықтардың саяси мәдениеті мен күнделікті өмірінің бір бөлігі ретінде дамытуды көздейтінін айтты.

Ол әділдік ұлттық менталитеттің айрықша белгілерінің біріне айналуға тиіс екенін атап өтті. Айбек Дәдебайдың сөзінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та осы мәселеге үнемі баса назар аударып келеді.

Tengrinews.kz

Related posts

Жүк әуе кемелерін бажсыз әкелу, азаматтық қорғаныс өніміне қойылатын талаптар және мемлекеттік сатып алуға қол жеткізуді арттыру: ЕЭК Кеңесі отырысының қорытындысы

Назия Жоямергенқызы

ҚҰРЫШ ҚОЛДЫ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

Назия Жоямергенқызы

Жүзім шаруашылығының ғасырлық тарихы

ttjk