Тәжікстанмен арадағы одақтастық қатынастар: Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы» заңға қол қойды.

Бұған дейін хабарланғандай, құжатқа екі мемлекеттің басшылары Қазақстан Президентінің Тәжікстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында 2024 жылғы 22 тамызда Душанбеде қол қойған. Келісім одақтастық қатынастарды одан әрі тереңдетуді және өзара іс-қимылды кең ауқымды бағыттар бойынша дамытуды көздейді.

Бұл саяси, әскери, сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы, көлік-транзит, азық-түлік, өнеркәсіп, су-энергетика, экология, цифрландыру, білім беру және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге қатысты болып отыр.

Сонымен қатар құжат өңіраралық интеграцияны нығайтуға, достық топтары қызметі аясында парламентаралық байланыстарды дамытуға бағытталған.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Tengrinews.kz

Related posts

Вызовы и перспективы государственной службы были обсуждены 200 практиками, учеными и экспертами из 20 стран мира

ttjk

В области Абай началось строительство промышленного комплекса по глубокой переработке мясной продукции

Назия Жоямергенқызы

Кайсери — один из лучших горнолыжных курортов Турции

ttjk