Қазақстанда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

Бірлескен отырыс жұма, 8 мамырға белгіленді. Ол Астанада сағат 10:00-да өтеді.

Бұған дейін Парламент палаталарының бірлескен отырысы 20 наурызда өтті. Онда депутаттар «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатта қаланы дамыту үшін ерекше құқықтық режим мен қосымша өкілеттіліктер қарастырылған.

Атап айтқанда, Алатауды «цифрлық қалаға» айналдыру жоспарланған. Жол, көлік, жарық, коммуналдық қызметтер және тұрғындарға арналған сервистердің барлығы заманауи технология арқылы жұмыс істейді. Жүйелер ақылды болады, деректерді өзі талдап, тиімді жұмыс істейді.

Қазірдің өзінде жалпы сомасы 1,8 триллион теңге болатын 44 жобадан тұратын пул қалыптастырылған, олар шамамен 30 мың жұмыс орнын құрады. Инвесторларға түсінікті және тұрақты ережелер ұсынылады: олардың құқықтары заңмен бекітіліп, дауларды халықаралық арбитраж немесе Астана халықаралық қаржы орталығы арқылы шешуге болады.

Tengrinews.kz

Related posts

Биыл жетпіс алты мың отбасы әлеуметтік көмек алды

editor

Embark on a culinary journey along Türkiye’s Aegean coast

ttjk

Türkiye sets a global example of sustainable tourism

Назия Жоямергенқызы