Тоқаев экономика үшін аса маңызды ресурсты атады

Алматыда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті.

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды.

Президенттің айтуынша, қазіргі өзгерістер XIX-XX ғасырлардағы индустриялық революциямен салыстыруға келмейді. Өйткені оның жылдамдығы мен ауқымдылығы соншалық, физикалық болмыс пен цифрлық кеңістік арасындағы шекара жойылып барады.

«Жасанды интеллект жаһандық экономиканың басты арқауы, ал үлкен деректер қоры аса маңызды ресурс санала бастады. Сондықтан Қазақстан жасанды интеллектіні аса маңызды стратегиялық бағыт ретінде қарастырады. Алдымызға Қазақстанды заманауи цифрлық мемлекетке айналдыру жөнінде өршіл мақсат қойдық. Тиісті институционалдық алғышарттар мен базалық инфрақұрылым қалыптасты. Енді жасанды интеллект технологиясын экономиканың барлық саласына енгізуіміз қажет. Бұл ретте «технологиялық сақтық шараларын» басшылыққа алып, ұлттық мүддені де ұмытпаған жөн», – деді Президент.
Tengrinews.kz

Related posts

Қазақстан мен Украина президенттері телефон арқылы сөйлесті

ttjk

АҚТӨБЕ: «ІСКЕРЛІК ЖУРНАЛИСТИКА: ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ»

editor

ҚАСИЕТТІ МӘУЛАНАНЫ ЕСКЕ АЛУ САЛТАНАТЫ

ttjk