Қазақстандық оқушылар халықаралық Менделеев олимпиадасында бақ сынауда

Мәскеу қаласында химия пәнінен 60-шы халықаралық Менделеев олимпиадасы өтіп жатыр. Беделді білім сайысы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің базасында ұйымдастырылған. Биылғы додаға әлемнің 35-тен астам елінен шамамен 200-ге жуық үздік жас химик қатысуда.

Қатысушылар қатарында Қазақстанмен бірге Қытай, Вьетнам, Өзбекстан, Түркия, Бразилия, Египет және басқа да көптеген елдердің оқушылары бар.

Қазақстан намысын бұл олимпиадада 10 оқушыдан құралған ұлттық құрама қорғап жатыр. Олардың қатарында түрлі өңірлердегі Назарбаев Зияткерлік мектептері, «Білім-инновация» лицейлері және халықаралық мектептердің оқушылары бар.

Команданы ғылыми жетекші, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, PhD дәрежесінің иегері Бахытжан Елдана және құрама жетекшісі, Қазақ-неміс тұрақты инженерия институтының студенті Сәрсенбай Айдос сүйемелдеп отыр.

Айта кетейік, Менделеев олимпиадасы – химиядан әлемдегі ең беделді халықаралық жарыстардың бірі саналады.

Сусар Дүйсенханқызы

Фото; оқу ағарту министрлігі баспасөз қызметі

Related posts

Türkiye successfully hosts 2 of the world’s most significant wedding planning events

Назия Жоямергенқызы

Афион-Қаракесир — туристерге таптырмас қала

ttjk

Алматыда мәдени қос мереке: Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күні атап өтілді