Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне 5 мыңға жуық кәсіпорын тіркелген

Елімізде отандық өндірушілерді қолдау және сауда-өнеркәсіп саясатын жүзеге асыру мақсатында «Қазақстандық тауар өндірушілерінің реестрі» мемлекеттік ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен толықтыру жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта ҚТӨ реестрі цифрлық жүйесіне 4 995-тен астам кәсіпорын тіркелген. Жалпы жүйеге тіркелу бойынша 10 377 өтініш түскен.

2026 жылғы 28 қаңтардағы жағдай бойынша ҚТӨ реестріне 2 332 өтініш бойынша 519 субъект енгізілген. Бұл ретте 2 290 өтініш бойынша 396 субъект қабылданбаған.

Сонымен қатар, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тарапынан «Электрондық қаржы орталығы» АҚ-на (ҚР Қаржы министрлігі) толықтай өз өнімін өндіретін 4 389 кәсіпорын туралы мәліметтер жолданды.

Сонымен бірге, индустриялық сертификаттар негізінде бұған дейін өз мәртебесін растаған 1 924 кәсіпорын автоматты түрде ҚТӨ реестріне енгізілген.

Еске сала кетейік, ҚТӨ реестрін енгізу арқылы деректерді біріктіру, «жалған өндірушілерді» анықтау, ашықтықты арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету қамтамасыз етіледі. ҚТӨ реестріне енгізу механизмі төрт негізгі кезеңнен тұрады: өтінішті ақпараттық жүйе арқылы беру, деректердің дұрыстығын тексеру, өндірісті бағалау және қатысушылардың өндірістік қызметінің адалдығын бақылау.

Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін толықтыру жұмыстары жалғасуда.

Баспасөз қызметі.

Related posts

Приглашение акима области Абай Берика Уали на инвестиционный форум «Туған жерге туыңды тік»

Назия Жоямергенқызы

Семейде 200 орындық балалар ауруханасы салынады

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Мен әжемнен үйренген Абай сөзі» байқауы өтті