ТҮРКІТІЛДЕС ЖУРНАЛИСТЕР ҚОРЫНЫҢ ЕУРОПА ЖОБАСЫ

Түркітілдес журналистер қоры 2026 жылдың ақпанында Еуропаға жаңа жобасын бастайды. Жоба Қазақ журналистердің кәсіби дамуы мен білім-білігін арттыруды көздейді.
2026 жылдың 28 ақпаны мен 10 наурызы аралығында Бельгия, Франция, Германия, Нидерланд, Люксембург елдерінің Брюссель, Париж, Амстердам, Гаага, Люксембург, Брюгге, Аахен қалаларына пресс-тур ұйымдастырады.
Пресс-тур барысында Еуропадағы БАҚ-басшыларымен танысу, редакциялар, елшіліктер, консулдықтарда кездесулер, тарихи және көрнекі жерлеріне экскурсия болады.
Еуропа сапарына БАҚ басшылары, журналистер, медиа саласындағы үкіметтік емес ұйым жетекшілері мен өкілдері, баспасөз хатшылары, PR-менеджерлер, фрилансерлер, журналистика факультетінің декандары, мұғалімдері мен студенттері қатыса алады.
Толық ақпарат: 8 (778) 878 3408 (WhatsApp).

Related posts

ТОҚАЕВ АЛМАТЫЛЫҚТАРДЫ САБЫРҒА ШАҚЫРДЫ

ttjk

Абай облысының Аягөз ауданында 600 орындық мектеп ашылды

Назия Жоямергенқызы

53 restaurants spotlighted in the first selection of the MICHELIN Guide Istanbul

ttjk