«БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: ҚАБІЛЕТ ПЕН ҚАЛАУ»

Түркітілдес журналистер қоры құрылғалы бері волонтерлік қызметпен де айналысып келеді. Мұқтаждарға көмек, жетімдер үйіне қамқорлық, көпбалалы отбасыларға жәрдем т.б. 2014 жылдан бері көпбалалы отбасылар мен ата-анасыз қалған балаларға онлайн және офлайн форматта Журналистика курсын тегін өтіп, мыңдаған бала еліміздегі жоғары оқу орындарындағы журфактарға тегін оқуға түсті. Олардың алды докторантура бітірсе, магистратурасын шет елдерде жалғастырып жатқан жастарымыз көп.
Түркітілдес журналистер қоры 2026 жылдың 18 қаңтарында Алматыда көпбалалы отбасылардың балаларына тегін семинар-тренинг өтеді. Шараға 9-11 сынып оқушылары қатысады.
Оқушылар арналған семинар-тренинг Түркітілдес журналистер қорының Алматыдағы Бас кеңсесінде өтеді.
Мақсатымыз — жас ұрпақтың болашақ мамандығын адаспай тауып, ертең ел иглігі үшін қызмет етуіне үлес қосу.
Толық ақпарат: 8 (778) 878 3408 (WhatsApp).

Related posts

Шымкентте бір жастағы сәби 4 сантиметрлік шегені жұтып қойған

Назия Жоямергенқызы

Қасиетті Рамазан айын Стамбұлда өткізіңіз

ttjk

ҚЫЗЫЛОРДАДА «АУЫЛ ӘЙЕЛІ: БІРЛІК. ДАМУ. БОЛАШАҚ» АТТЫ ӨҢІРЛІК АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

Назия Жоямергенқызы