Еркебұлан Дайыров халықаралық «Келешек мұрасы» сыйлығының иегері атанды

Қазақстанның әйгілі театр және кино актері Еркебұлан Дайыров мәдениет саласындағы халықаралық «Келешек мұрасы» сыйлығымен марапатталды.

Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан мен Орталық Азия мемлекеттерінің басшыларымен бірге аталмыш марапатты табыстау рәсіміне қатысты.

Сыйлықтың мәні

Өзбекстан жетекшісі Шавкат Мирзиеевтің мәлімдеуінше, биыл алғаш рет ұйымдастырылған «Келешек мұрасы» сыйлығы ұлттық мәдени құндылықтарды дәріптеуге, өнер мен шығармашылықтың дамуына айрықша үлес қосқан тұлғаларға беріледі.

Осы жылы «Театр және кино» бағыты бойынша лауреат атанған — отандық актер Еркебұлан Дайыров.

Актердің пікір білдіруі

Марапат алған сәттің фотосын актёр әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, көпшілікке ризашылығын білдірді.

«Аллаға да, адамға да алғысым зор! Еңбегімнің жануы – менің жақсы болғанымнан емес, сіздердің қолдауларыңыздың арқасы», – деп жазды Еркебұлан Дайыров.

Фото: Aqorda.kz

Related posts

Türkiye sets a global example of sustainable tourism

Назия Жоямергенқызы

Түркияда шетелдік туристердің шоттарынан ақша ұрлаған ірі алаяқтар тобы ұсталды

«Kyzdar.net» сайты әлі жұмыс істеп тұр

editor