АЛМАТЫДАҒЫ МЕДИА ФОРУМ: «ТҮРКІГЕ ОРТАҚ «ТҮРКІ БРЕНДІН» ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Түркі халықаралына ортақ тарихи, мәдени және рухани мұралар көп. Сол құндылықтарды насихаттау арқылы түркі елдерінің бірлігі мен ынтымақтастығын нығайту шарт. Бұл геосаяси ахуалы алуан түрлі түркі әлемінің күшеюіне сеп болады.
2025 жылдың 18-19 қарашасында Алматыда ұйымдастырылатын VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумында «ТҮРКІ» БРЕНДІ: түркі елдерінің имиджін нығайтуға арналған PR стратегиялар». тақырыбына баяндама жасайтын Өзбекстан Туризм министрінің кеңесшісі Лола Рахманбаева тарихи және мәдени мұралар арқылы түркінің ортақ құндылықтарын насихаттаудың жолдары жайлы айтады.
VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумына қатысу — тегін.
Форум — Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан Әйел журналистер клубының “Шеврон” компаниясымен серіктестігінде өткізетін шарасы. Форумға Қазақстан, Орталық Азия, Түркия, Еуропа елдерінен БАҚ басшылары, журналистер, депутаттар, медиа саласындағы ҮЕҰ басшылары, PR менеджерлер, баспасөз хатшылары, журналистика факультетінің мұғалімдері мен студенттері, Қоғам қайраткерлері қатысады.
Медиа форумға тіркелу: https://forms.gle/YvuqknhfVYkRGNMu7
Толық ақпарат: +7 778 878 3408 (WhatsApp).

Related posts

Түркияда 2024 жылдың алғашқы жартысында туризм кірісі жоғары көрсеткішке жетті

Назия Жоямергенқызы

Türkiye de Küresel Gazeteciler Konseyi kuruldu

ttjk

Тазалық акциясы тәлімге бастайды

ttjk