Алматыдағы медиа форум: «Медиа және мәдени бірегейлік: БАҚ арқылы түркі әлемінің байланысын нығайту»

2025 жылдың 18-19 қарашасында Алматыда өтетін VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумында түбі бір түркінің ортақ ақпараттық алаңын қалыптастыру мәселесі талқыға салынатын алғашқы отырыстың модераторы — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Бақытжан Омар.
Талай жыл отандық телеарналарда қызмет етіп, тәжірибе жинақтаған Бақытжан әріптесіміз Түркия астанасы — Анкарадағы ТҮРКСОЙ сияқты халықаралық ұйымда еңбек етті. Түркі халықтарының рухани, мәдени, тарихи қарым-қатынастарымен қатар медиа саласындағы мәселелерінен де жақсы хабардар. Сондықтан Медиа форумдағы маңызды тақырыптарды қозғай отырып, түркі медиасы арасында жүзеге асырылуы тиіс ортақ жобалар жайлы шетелдік әріптестермен мағыналы әңгіме өрбітеніне сенімдіміз.
«Медиа және мәдени бірегейлік: БАҚ арқылы түркі әлемінің байланысын нығайту» тақырыбындағы отырыста Қырғызстан Журналситер одағының төрағасы Илязбек Балташев «Цифрлық кеңістіктегі түркі әлемі: біртұтас ақпараттық алаң» тақырыбына, Әзірбайжан Журналистер одағының төрағасы Эльчин Шихлы «Аймақтық қауіпсіздіктегі медианың рөлі: БАҚ диалог пен шиеленісті азайту құралы» тақырыбына, Германиядағы Түрік медиасы ассоциациясының вице-президенті Аднан Өзтүрк «Түркі әлемі және Германиядағы басылымдар» тақырыбына, Нидерландтағы Түрік журналистер ассоциациясының президенті Өзджан Өзбай «Еуропадағы түрікше хабар тарататын радиоарналар және түркі әлемі» тақырыбына баяндама жасайды.
VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы — Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан Әйел журналистер клубының “Шеврон” компаниясымен серіктестігінде өткізетін шарасы. Форумға Қазақстан, Орталық Азия, Түркия, Еуропа елдерінен БАҚ басшылары, журналистер, депутаттар, медиа саласындағы ҮЕҰ басшылары, PR менеджерлер, баспасөз хатшылары, журналистика факультетінің мұғалімдері мен студенттері, Қоғам қайраткерлері қатысады.
Медиа форумға қатысу тегін: https://forms.gle/YvuqknhfVYkRGNMu7
Толық ақпарат: +7 778 878 3408 (WhatsApp).

Related posts

ТҮРКИЯ: жыл сайын — 40 миллион турист

ttjk

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК СЕМИНАРЫ

ttjk

Туризм жарнамасындағы әлеуметтік желілердің рөлі айтылды

editor