«HALYK FINANCE»: ЕУРООБЛИГАЦИЯЛАР-2020

«Қазақстан Халық Банкінің «Halyk Finance» еншілес ұйымы» АҚ «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-мен жалпы құны 780 млн АҚШ доллары болатын еурооблигацияларды 10 жылдық мерзімге айналымға шығару туралы келісімге қол қойды.

2017 жылдың 27 қазанында ҚТЖ өзінің өтеу мерзімі 2020 жылда және номиналдық көлемі $700 млн еурооблигацияларын (бұдан әрі «Еурооблигациялар-2020») ұстаушыларына аталған құнды қағаздарды мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігін енгізу және бір мезетте ҚТЖ-ға өтеуін төлеп алуға ұсыну мақсатында Еурооблигациялар-2020 талаптарын өзгерту мүмкіндігін ұсынды. Halyk Finance бірлескен дилер-менеджер және келісімдерді алу бойынша Бірлескен Агент ретінде әрекет еткен осы ұсынысқа ерте қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін ҚТЖ номиналы бойынша 587,2 млн долларын, яғни барлық шығарылымның 84 пайызына тең Еурооблигациялар-2020 ұстаушыларының ҚТЖ-ның Еурооблигацияларын өтеуін төлеп алуға және осы Еурооблигациялардың талаптарына өзгерістер енгізуге келісімін алды, сондай-ақ номиналы бойынша $21,2 млн құрайтын (барлық шығарылымның 3%-ын) Еурооблигациялар-2020 ұстаушылардың осы осы Еурооблигацияларды өтеуін төлеп сатып алуға ұсынусыз, осы Еурооблигациялардың талаптарына өзгерістер енгізуге келісімін алды. Осылайша, жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша Еурооблигациялар-2020 ұстаушылардың дауыс беруі үшін минималды кворумнан — шығарылымның жалпы көлемінен 75% – оферта ашылған күнінен кейін екі апта өткеннен кейін-ақ асты.

Биыл 13 қарашада ҚТЖ өзінің жаңа 10-жылдық күтілетін номиналдық көлемі $780 млн Еурооблигацияларын сатып алуға жаһандық өтінімдерін жинауды жүргізді. Қазақстан Республикасы аумағында өтінімдерді жинау Қазақстан Қор Биржасында (бұдан әрі — «KASE») инвесторлардың жаһандық өтінімдерін жинаумен қатар жүргізілді. Өтеуге қатысты табыстылықтың бағдары «шамамен жылдығы 5%» деңгейінде белгіленді. Өтінімдерді жинау аяқталған соң, дәл сол күні айтарлықтай инвесторлық сұраныс ҚТЖ-ға өтеуге қатысты табыстылықты жылдығы 4,80% деңгейінде белгілеуге мүмкіндік берді. Қазақстандық инвесторлардың KASE арқылы берілген өтінімдерін Эмитент $20,8 млн сомасына (яғни барлық шығарылымның 3%) толық көлемде қанағаттандырды.

Еурооблигациялардың жаңа шығарылымын орналастырудан ҚТЖ-ға түскен қаражатты компания Еурооблигациялар-2020 ұзақ мерзімді өтеуге және айналым талаптарына өзгерістер енгізуге өзінің ерте келісімн берген осы облигацияларды ұстаушыларға сыйақыны төлеуге қолданады.

«Біз өте қысқа уақыт мерзімде мінсіз орындауды талап ететін осындай маңызды және күрделі транзакция үшін ҚТЖ өзінің Бірлескен Букраннері, Дилер-Менеджері және Келісімдерді Алу бойынша Агенті ретінде Halyk Finance-ты таңдағанын мақтан тұтамыз. Аталмыш кешенді инновациялық жобада Halyk Finance-тың табысты қатысуы біздің команданың бағалы қағаздардың жаңа шығырылымында ғана емес, сонымен қатар өз клиенттерінің активтерін басқарудағы елеулі тәжірибесін айтарлықтай күшейтеді. Осы мәміледе қолданылған нарықтық айналымнан облигацияларды қызсқа мерзімді шығарылымын шығару және оны жаңа ұзақ мерзімді шығарылыммен алмастыру құрылымы өте тиімді болып табылады және де мерзімі өтеуге жақын қалған міндеттемелері бар басқа да компаниялар тарапынан қызуғышылықты тудырады», – деп Halyk Finance Басқарма Төрағасы Арнат Абжанов түсіндірді.

Бұдан бұрын 2017 жылдың маусым айында Halyk Finance ресей рубльде деноминацияланған, KASE-де және Мәскеу Биржасында қос листингісі бар ҚТЖ-ның облигацияларын дебюттік 5-жылдық халықаралық шығарылымын («ҚТЖ Финанс» ЖШҚ арқылы) орналастыруды табысты ұйымдастырды  («MOEX», Қазақстан тарихында қазақстандық эмитенттің ресейлік нарықтағы 1-ші шығарылымы және ТМД елдері тарихында ресейлік нарықта шетелдік эмитенттің 1-ші корпоративтік шығарылымы болды).

***

 «Halyk Finance» АҚ– Қазақстандағы жетекші инвестициялық банк, ол инвестициялық-банктік қызметтердің толық кешенін көрсетеді, солардың ішінде қаржылық консалтинг пен андеррайтинг (корпоративтік эмитенттердің бағалы қағаздарын шығару мен орналастыруды ұйымдастыру), корпоративтік қаржыландыру қызметтері (соның ішінде компаниялардың акциялары мен қатысу үлестерін сатып алу/сату бойынша  M&A кеңес беру қызметтері және корпоративтік борыштық қайта құрылымдау), сондай-ақ брокерлік қызметтер және бағалы қағаздарды сату, KASE сауда алаңындағы маркет-мейкердің қызметтері, инвестициялық портфельді басқару, жүйелі түрде көрсетілетін аналитикалық қызметтер.

«ҚазақстанХалықБанкі» АҚ ең үлкен клиенттер базасы мен ең ірі филиалдар желісі бар Қазақстандағы жетекші қаржы тобы және жетекші бөлшек банкі болып табылады. Банк әмбебап қаржы тобы ретінде дамып келеді, өзінің бөлшек клиенттеріне, шағын және орта бизнес клиенттеріне және корпоративтік клиенттеріне қызметтердің кең ауқымын ұсынады (банктік, брокерлік қызметтер, сақтандыру, лизинг және активтерді басқару жөніндегі қызметтер). Сонымен қатар Халық банкі өз операцияларын Ресейде, Грузияда және Қырғызстанда іске асыруда.

 

Related posts

«Ace of M.I.C.E. Exhibition»

Қазақстанда әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыртылады

ttjk

ATU: ЖАҢА БРЕНД — ЖАҢА БЕЛЕС

Назия Жоямергенқызы