АУРУДЫ АСҚЫНДЫРМАҢЫЗ

Аталарымыз «ауруын жасырған өледі» деп бекер айтпаған. Дәл осы сөз әсіресе, бүгінге сәйкес келеді. Қатерлі ісік дендеген заманда дер кезінде дәрігерге бармағандар бармақ тістейді.

Қоршаған ортаның ластануы, экологиялық түйткілдердің ушығуы, адамдардың денсаулыққа немқұрайды қарауы мен өмір сүру деңгейінің төмендеуі салдарынан, соңғы жылдары қатерлі ісікке шалдығатындар саны күрт өскен. Мәселен, мойын мен бас обыры әлем бойынша 6-орында тұрған көрінеді. Ресми деректерге сүйенсек, жыл сайын 1 миллион аурудың 700-іне ем қонбай, осы обырдан ажал құшады. Апта басында Алматы қаласындағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында қазақстандық онкологтар бас пен мойын рагына ұшыраған аурудың тілі мен ұтқыншағын кесіп тастап, орнына микрохирургиялық салды. 7-8 сағатқа созылған бұл операцияға БАҚ  өкілдері де қатысты.

БАҚ өкілдерімен өткізілген баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Бас онкологы, Қазақ онкология және радиология ҒЗИ директоры, медицина ғылымдарының докторы Диляра Қайдарова ханым: «Бас және мойын қатерлі ісігін емдеудің тиімді тәсілдері бар болса да, аурулар дәрігердің көмегіне тым кеш жүгінетіндіктен, соңғы бір жылда диагноз қойылғандардың 50 пайызы көз жұмды. Егер дерт енді басталғанда немесе қатты асқынып кетпей тұрғанда емделсе, мұндай қайғылы жағдай болмас еді», – дейді. Оның айтуынша, адамдардың қатерлі ісіктің алғашқы белгілерін білмеуі, дәрігерлердің әсіресе, жергілікті жерлердегі аурухана қызметкерлерінің қатерлі ісікті дер кезінде анықтай алмауы, яғни, кәсіби біліктерінің төмендігі, бір біріне қатысы бар салалардағы дәрігерлерлердің тығыз байланыста болуы жағдайды ушықтырып отыр. Осы себепті, 2017 жылдың маусымы мен қыркүйегінде Бас пен мойын обырының алдын алу мақсатындағы Алматы, Астана, Тараз, Қарағанды, Шымкент пен Семейде Еуропалық апталық өтіпті. Аталған шараға онколог дәрігерлер, стоматологтар, оториноларингологта, денсаулық сақтау саласындағы жетекші мамандарға еуропалық дәрігерлер сабақ өткен.

Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын 2 мыңнан астам адам бас және мойын обырына ұшырайды. Олардың көпшілігі ІІІ-IV кезеңінде емделуге келетіндіктен, ауруға операция жасауға туралы келеді. Қазақ онкологиялық ғылыми-зерттеу институтының дәрігері, м.ғ.д., Ғалым Әділбаев: «Егер уақытылы емдеуге келсе, операциясыз-ақ емдеуге болады. Керісінше жағдайда, бас және мойны қатерлі ісігін оқшаулауға тура келеді. Бұл дегеніңіз – көмей, ауыз қуысы, жұтқыншақ, мұрын қуысы мен мұрын жанындағы қойнаулар, сілекей бездерін алып тастау. Кейде адамдар операциядан кейін даусынан айрылады. Ондайда жасанды жолмен дауысты қалпына келтіреміз. 2010 жылдан бері 500-ден астам ауруға даусын шығаратын операция жасалды», – дейді.

Дәрігерлер қауымы бас пен мойын қатерлі ісігіне темекі тарту, арақ ішу, адам паппиломасы вирусын жұқтыру себеп болатынын ескертеді. Ішімдік пен темекіге әуестердің арасында – 50 жастан асқандар, ал адам паппиломасы вирусын жұқтырғандар 20 жастан асқандар жиі ұшырайды екен. Ауыз қуысы мен тамақта ақтаңдақтардың пайда болуы, түйіндер немесе жара шығу – алғашқы белгілер. Өкінішке қарай, аурулардың дәрігер көмегіне жүгінбей, өз бетінше емделуінің соңы опық жегізеді. Сондай-ақ, стоматологтар мен оториноларингологтардың қатерлі ісікті дер кезінде анықтауға біліксіздігі де дерттің асқынуына әкеп соғады. Олардың 50,5 пайызы алдына келген пациентке дұрыс диагноз қоя алмайды екен…

2015 жылы Қазақстан бас және мойын зерттеушілердің Еуропалық қоғамының мүшесі болды (EuropeanHeadandNeckSociety, EHNS) – бұл 2006 жылы құрылған ұйым, ұйымның мақсаты бас және мойынның онкологиялық ауруларды, соның ішінде оларды алдын алу және ерте диагностиканың мәселелерін зерттеумен айналысады. 2014 жылдан бері еліміз бас және мойын қатерлі ісігін ерте анықтау үшін өткізілетін Еуропалық апталығына қатысады. Шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шеңберінде Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының, Қазақстанның бас және мойын ісіктер қауымдастығының, Қазақстан стоматологтар қауымдастығының белсенді қатысуымен, Мерк неміс компаниясы және Вивафарм компанияның қолдауымен өтеді. Биылғы апталыққа Алматы, Астана, Шымкент, Семей, Тараз бен Қарағанды қалаларының тұрғындары қатысқан. Диляра Қайдарованың айтуынша, әзірге бас пен мойын обыры қай аймақта көптеп кездесетіні анықталмаған. Осы себепті тегін тексерулерге тартылатын қалалар мен облыстар саны жыл сайын арта береді. Мәселен, келесі жылы қатерлі ісік жиі кездесетін Қызылорда облысында Еуропалық апталық өткізіледі.

 «Мерк» компаниясы туралы анықтама:

«Мерк» – денсаулық сақтау, лайф сайнс және жоғары технологиялық материалдар саласында жетекші ғылыми-технологиялық компания. Әлем бойынша «Мерк» компанияның шамамен 50 000 қызметкері онкологиялық ауруды және шашыраңқы склерозды емдеу үшін биофармацевтикалық терапияны құра отырып, адамның өмір сапасын арттыруға бағытталған технологияларды әзірлейді.

«ВИВА ФАРМ» компаниясы туралы анықтама:

«ВИВА ФАРМ» фармацевтикалық компаниясы пациенттерге арналған жоғары сапалы және қол жетімді дәрілердің кең спектрін өндіру, тіркеу, сақтау және таралу, клиникалық зерттеулер, фармацевтикалық әзірлеу саласында көшбасшыларының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда «ВИВА ФАРМ» ЖШС толық циклдің өндірістік учаскесі жылына 200 млн таблетка мен капсуланы өндіруге қуаты бар, фармацевтикалық өндірістерді ұйымдастырудың еуропалық деңгейде жоғары технологиялық құрылғымен және инфрақұрылыммен жабдықталған, GMP стандарты бойынша (2014 ж.) сертификатталған. Компанияның Тіркеу куәліктері бар және дәрілік заттардың 24 атауын шығарады, препараттардың бөлігі Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтеді. 2012 жылдан «ВИВА ФАРМ» ЖШС-тің препараттары бөлшектік дәріхана желісінде ғана емес, сондай-ақ Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемнің стационарлық және амбулаториялық деңгейлерде дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде сәтті жүзеге асырылады.

Суреттерді түсірген: Айна Хамитжанова (ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақ онкологиялық ғылыми-зерттеу институты).

Түркітілдес журналистер қоры

Related posts

Коллекции прекрасных мозаик: Музей Газиантепа Зевгмы

Назия Жоямергенқызы

Түркітілдес елдердің тілшілері Ыстамбұлда бас қосты

ttjk

Қазақстан қызылша жұқтырудан әлем бойынша үшінші орынға шықты

ttjk