Астанадағы LRT желісі Қосшы қаласына дейін ұзартылады

Астанада құрылысы аяқталуға таяп қалған LRT (жеңіл рельсті көлік) жобасы алдағы уақытта Қосшы қаласына дейін жалғасатын болды. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Нұра ауданының «Үркер» тұрғын алабының тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, Қосшыдан елордаға күн сайын шамамен 15–20 мың автокөлік қатынайды.

«LRT жобасы жалғасын табады. Келесі кезеңде ол Қосшы бағытында салынады. Себебі Қосшыдан Астанаға күн сайын мыңдаған көлік кіреді. Бұл қала — елордаға жақын орналасқан серіктес аймақ, сондықтан көлік ағынын азайту және жол жүктемесін жеңілдету маңызды», — деді Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, жобаны Қосшы бағытына ұзарту қаржылық тұрғыдан да тиімді шешімболмақ.

«LRT желісінің екінші бөлігі Тұран даңғылына дейін созылып, ескі теміржол вокзалына жетеді. Қосшы бағытындағы құрылыс келесі жылдың басында басталады деп жоспарланып отыр. Ең ұзақ мерзім — шамамен бір жарым жыл», — деді қала басшысы.

Related posts

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа белесі басталады»

editor

Отбасы мүшелерін тұрақты тіркеуге арналған қызмет

ttjk

TÜRKİYE ANNOUNCES AT WTM: Over One Million Turkish Hotel Beds Are Now Sustainably Verified & Certified

Назия Жоямергенқызы