Барселона көшелерінде Димаш Құдайбергеннің суреті бар автобустар жүріп жатыр


Қазақстанның әйгілі әншісі Димаш Құдайбергеннің суреті бейнеленген автобустар Испанияның Барселона қаласында жолаушылар тасымалдау бағыттарына шықты. Бұл бастама жергілікті жанкүйерлер қауымыныңқолдауымен жүзеге асқан, деп хабарлайды DimashNews-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

8 қараша күні Барселонадағы Бадалона Олимпиада аренасында өтетін Димаш Құдайбергеннің жеке концертіне орай испаниялық тыңдармандар ерекше жарнамалық кампания ұйымдастырған. Қала көшелерінде әншінің бейнесі мен алдағы концерт жайлы ақпарат ілінген автобустар қозғалысқа шыққан.

Жарнамалық жобаның аясында Димаштың суреттері бар автобустар 6 қазан мен 9 қараша аралығындаБарселонаның ең көп жолаушы тасымалданатын В24 және В25 бағыттарында қатынайды. Бұл бағыттардың бірі тікелей Олимпиада аренасының алдынан, ал екіншісі Magic сауда орталығының жанынан өтеді. Осылайша күн сайын мыңдаған тұрғын мен қала қонақтары қазақстандық орындаушының бейнесін көруге мүмкіндік алады.

“Бұл – нағыз керемет сезім! Ұзақ уақыт бойғы еңбектің нәтижесінде осындай ерекше жоба жүзеге асты. Енді Димаштың бейнесі Барселонаның көшелерінен көрініп жүр. Бұл іске үлес қосқан барша жанкүйерлерге алғысымыз зор”, – деп испаниялық тыңдармандар өз әсерлерімен бөлісті.

Фото: DimashNews

Related posts

Жазу және журналистік этика

ttjk

Culture Travel | A Comprehensive Guide to Traveling in Myanmar

ttjk

В области Абай обсудили пути реализации Послания Президента