Мемлекет басшысы Шахмат үйіне барды

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Көкшетау қаласындағы Шахмат үйін аралап көрді.

Қопа көлінің жағасында орналасқан ғимарат бұрын Президент резиденциясы болған. Мемлекет басшысының тапсырмасымен аталған нысан балалардың игілігіне беріліп, былтыр желтоқсан айында Шахмат үйі ретінде есігін айқара ашты.

Бүгінде арнаулы орталықта оқу-жаттығу жиындары, гроссмейстерлердің шеберлік сағаттары ұйымдастырылып тұрады. Спортшылар беделді бәсекелер алдында осы жерде дайындығын пысықтайды.

Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турловтың айтуынша, көрікті табиғат аясындағы бірегей кешенде спортшылардың өз шеберлігін алаңсыз шыңдауына қолайлы жағдай жасалған. Соңғы жылдары шахмат «медаль көп әкелетін» спорт түріне айналды. Былтыр отандық спортшылар халықаралық жарыстардан 160 медаль жеңіп алған болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев жас спортшылармен және ұлттық құрама мүшелерімен әңгімелесу барысында мемлекет шахматты дамытуға, сондай-ақ балалар мен жастар арасында насихаттауға ерекше мән беретінін атап өтті. Президент аталған ойын стратегиялық тұрғыдан ойлауға машықтандыратынын, тәртіпті күшейтіп, төзімділік пен жауапкершілікке үйрететінін айтты.

Бұдан кейін Мемлекет басшысы жас шахматшылармен суретке түсіп, шахмат тақтасына естелік жазба қалдырды.

Related posts

ШЕТЕЛДІК ЖУРНАЛИСТЕР ҚАЗАҚСТАН ТУРИЗМІН ДАМЫТУҒА ҮЛЕС ҚОСАДЫ

ttjk

ҚР Энергетика министрі: ККЖ-ҰЕҚБЖ жоспарға сәйкес жүзеге асырылуы қажет

ttjk

Балаларды үйде жалғыз қалдырғандар жауапкершілікке тартылуы мүмкін

editor