Абай облысының оқушысы ауаны ылғалдандыратын робот ойлап тапты

Аягөз ауданы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Нұриллә Даулетқызы экологиялық ерекше жоба жасап шықты. Ол ауаның ылғалдылығын өлшеп, қажет болғанда автоматты түрде ауа ылғалдандырғышты қосатын сөйлейтін робот құрастырды.

Құрылғы бөлмедегі ауаны үздіксіз бақылап, құрғақ болғанда өздігінен іске қосылады. Робот нақты ақпаратты дыбыстап жеткізеді, құрғақ ауа байқалғанда өздігінен іске қосылады және энергияны үнемдейді. Сонымен қатар ол бөлме температурасындағы өсімдіктерге пайдалы, үйде, мектепте және кеңседе қолдануға ыңғайлы.

Оқушы сенсорларды қолдануды үйреніп, сызбасы мен 3D моделін әзірледі, бағдарламалап, құрылғыны өзі жинады. Мектеп жағдайында сынақтан да өткізіп үлгерді.

«Мақсатым – адамдарға қолайлы орта қалыптастырып, денсаулықты қорғауға және табиғатты сақтауға үлес қосу. Алдағы уақытта роботымды жетілдіріп, күнделікті тұрмыста қолжетімді еткім келеді», – дейді Нұриллә.

Алдағы уақытта Нұриллә роботына жасанды интеллект элементтерін қосып, экологиялық мониторинг жүйесін жетілдіруді жоспарлап отыр. Ол жобасын тұрмыста ғана емес, білім беру саласы мен өндірісте де пайдалануға болатынын айтады.

Related posts

Enjoy the fresh summer flavours of Türkiye!

ttjk

Шетелге кетіп жатқан білімді азаматтар легін қалай тоқтатамыз?

ttjk

Абай облысының «Жас Ұлан» лицейі «Айбын-2025» халықаралық жиынында Гран-приді иеленді

Назия Жоямергенқызы