ТАРАЗДА ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ СЕМИНАРЫ БОЛАДЫ

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ Halyk Bank серіктестігінде 2025 жылдың 25 шілдесінде Тараз қаласында қазақ журналистер үшін «Halyk»-пен қаржылық сауат» тақырыбына семинар-тренинг өткізеді.
Семинар-тренингтің басты мақсаты — БАҚ өкілдерінің қаржылық сауатын жетілдіре отырып, Қазақ қоғамындағы қаржылық тұрғыда сауаттандыру. Семинар барысында журналистер медиада жасанды интеллектті пайдалану, кәсіби этика, фотовизуализация: SnapEdit, Canva AI, deepfake және deepware, dата журналистика: Grok, Gemini, «YouTube-2025: жаңа трендтер», монетизация, кіріс көзін диверсификациялау т.б. туралы айтамыз. Қатысушылар жасанды интеллект көмегімен авторлық сайт ашып, ниша таңдап, контент қалыптастырады.
Halyk Bank Жамбыл облыстық филиалының директоры Олжас Алишев Халық банк тарапынан қаржылық сауатты арттыру, қаржылық алаяқтықтың алдын алу жолдары, клиенттерге ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілдері мен Банктің жаңа өнімдері, акциялар туралы ақпарат береді.
Аталған семинар-тренингке Тараз қаласы мен Жамбыл облысындағы қазақ тілінде хабар тарататын телеарна, газет-журнал, сайт, радио журналистері қатыса алады.
Қаржылық сауатты жақсартуға сеп болатын семинардан кейін журналистер қаржылық сауатқа қатысты мақала, сюжеттер дайындап,  «Еркін сөз»-2025 байқауына қатысуға мүмкіндік алады. Аталған Байқау — Түркітілдес журналистер қорының Halyk Bank серіктестігінде 2017 жылдан бері ұйымдастырып келе жатқан шарасы.
«Түркіітлдес журналистер қоры» ҚҚ Баспасөз қызметі.

Related posts

Құрметті атақтардың қатары көбейді

editor

Зардап шеккен саяжай тұрғындарына Орал қаласынан пәтер берілді

Назия Жоямергенқызы

Бала тәрбиелеу міндетін атқармағандарға қатысты құқық бұзушылық үш есеге өсті

editor