«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ Halyk Bank серіктестігінде 2025 жылдың 22 шілдесінде Қостанай қаласында қазақ журналистер үшін «Halyk»-пен қаржылық сауат» тақырыбына семинар-тренинг өткізді. Аталған семинарға Қостанай қаласы мен Қостанай облысындағы қазақша ақпарат тарататын БАҚ өкілдері қатысты. Семинар-тренингтің басты мақсаты — БАҚ өкілдерінің кәсіби шеберлігін арттыру.
Halyk Bank Қостанай облыстық филиалы директорының орынбасары Сагитов Сагдат: «Бүгінде алаяқтықтық ең кең таралған түрлерінің бірі — пакетті жеткізу туралы фишинг. Киберқылмыскерлер клиенттерге пакеттің келгені туралы SMS/хабарлама жібереді. Хабарлама мәтінінде сілтеме болады, сол сілтемемен клиент фишингтік сайтқа өтеді. Сондықтан алаяқтарға алданбау үшін олардың қоңырауына жауап бермеу керек. Ешқашан ешкімге банк картаңыздың номері, құпия сөзін айтпаңыз. Онлайн сауда жасағанда банк картаңызды сақтамаңыз. Кибер алаяқтар азаматтардың тонау үшін TeamViewer, AnyDesk, RustDesk, Hopto Desk, RuDesktop-ты жүктеп алуды ұсынады. Олардың айтқанын орындамаңыз, дереу тұтқаны қойыңыз. Алаяқтармен ұзақ сөйлесуге болмайды, олар дауысыңызды жазып алып, дипфейктерге қолнадады», — деді.
БАҚ өкілдеріне арналған қаржылық сауат семинарына аймақтардың журналситері белсенді түрде түрде қатысып жатыр. Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызының айтуынша, аталған жоба қазақ журналистермен қатар Қазақ қоғамының да қаржылық сауатын жетілдіруге сеп болады: «Түркітілдес журналистер қоры 2017 жылдан бері Халық банкімен бірге республикалық «Еркін сөз» байқауын өткізіп келеді. Биыл 9-рет болатын Байқауды ұйымдастыру барысында біз БАҚ өкілдерінің көпшілігі қаржылық сауатын жетілдіруге мүдделі екенін байқадық. Осыған орай, Халық банкінің басшылығына Қазақстанның барлық қаласында қаржылық сауатқа қатысты семинар-тренинг өткізуге ұысыныс білдірдік. Бұл ұсыныстың қолдау тапқанына қуаныштымыз. Өйткені семинарға қатысқан әрбір журналист өз отбасы, туған-туыстарымен бірге бүкіл Қазақстанның қаржылық сауатын жақсартуға үлес қосады».
Семинар барысында журналистер медиада жасанды интеллектті пайдалану, кәсіби этика, фотовизуализация: SnapEdit, Canva AI, deepfake және deepware, dата журналистика: Grok, Gemini, «YouTube-2025: жаңа трендтер», монетизация, кіріс көзін диверсификациялау т.б. туралы айтылды. Қатысушылар жасанды интеллект көмегімен авторлық сайт ашып, ниша таңдап, контент қалыптастырды.
Түркітілдес журналистер қорының Halyk Bank серіктестігіндегі «Halyk-пен қаржылық сауат» жобасы 2024 жылы басталған. Жоба шеңберінде Қазақстанның 6 қаласы: Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент пен Түркістанда қазақ тілінде ақпарат тарататын БАҚ өкілдеріне қаржылық сауатты арттыруға сеп болатын семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Биыл Орал, Қостанай, Семей, Тараз, Өскемен қалаларында жоспарланған. Семинарға қатысқан журналистер Түркітілдес журналситер қорының Halyk Bank-пен бірге 2017 жылдан бері қаржы тақырыбына өткізіп келе жатқан республикалық «Еркін сөз» байқауына қатыса алады. Байқау жеңімпаздары Алматыда өтетін марапаттау салтанатына шақырылады.
Түркітілдес журналситер қорының баспасөз қызметі.