АЛАЯҚТЫҚПЕН СОТТАЛҒАН ШЕНЕУНІК БАСШЫЛЫҚҚА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

 

Соңғы күндері Қазақ қоғамында шу боп жатқан Сәкен Мұсайбеков туралы. 2015 және 2021 жылдары 2 рет ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болған, кейін ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшылығына тағайындалған Мұсайбеков 2021 жылы вице-министр кезінде жеке компания қожайынынан букмекерлік қызметтің лоббиін жасау және “крышавать” ету үшін 15 000 доллар көлемінде пара алған. Жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері оны Дубайға ұшып бара жатқан жерінен Алматы әуежайында ұстаған. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша (“Алаяқтық”) айыпталып, бірақ 62 394 000 ($146 000) көлеміндегі айыппұлмен құтылған Мұсайбековті сот мемлекеттік марапаттары мен мүлігінен айырмаған. Келешекте мемлекеттік қызметпен айналысу құқын қалдырған… “Алаяқтық” бойынша сотталған шенеунік Министрліктен кетпеген, қызметінде жүрген. “Барыс” хокей клубының Бас директорлығына тағайындалған Сәкен Мұсайбеков қазір Қазақстан Хоккей федерациясының Бас директоры, ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің вице-президенті.

Related posts

Жаңа заң, жаңа Қазақстан

ttjk

Мемлекет басшысы Руанда Президентінің арнайы өкілі Жан Поль Ньирубутаманы қабылдады

editor

Қазақстан азаматтары Қытай шекарасынан жаяу кіре алады

editor