Атыраудағы Fab Lab сандық өндіріс зертханасы

Қазақстандағы алғашқы Fab Lab сандық өндіріс зертханасы ашылды

Әлемдік цифрлық өндіріс зертханаларының желісіне кіретін «Fab Lab Атырау» — Қазақстанда бірегейі. Жобаның сеіктесі саналатын «Заңғар» STEM-білім беру бағдарламалары бойынша Атырау жастарының тәжірибелік оқуын жетілдіруге мүмкіндік беретін Қазақстандағы алғашқы «Fab Lab» цифрлық өндіріс зертханасын ашты. Салтанатты шарада «Шеврон» компаниясы жастарға жаңа технологияларды үйренуге мүмкіндік беруде. Жастар өз жобаларын ашылған «Fab Lab Атырау» зертханасында жүзеге асыра алады», – дейді Атырау облысы әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев.

«Fab Lab Атырау» – бұл «ShopBot» фрезерлік білдек, винилдық кескіш, лазерлік кесу құрылғысы мен 3D принтерден тұратын цифрлық жабдықтар зертханасының портативтік нұсқасы. Компьютерлік бағдарламалармен басқарылатын «ақылды» машиналар әр түрлі материалдарды өңдеп, оларға дайын өнімге қажетті пішін береді. Осылайша, жоба аясындаSTEM бағдарламасының 400-ге жуық қатысушысы өз жобаларының прототипін құру үшін осы жабдықтарды пайдаланатын болады.«Fab Lab Атырау» Массачусетс технологиялық институтында бірінші зертхананың негізін қалаушылардың ұстанғанашық Fab Lab принципіне ортақ екенін атап өту маңызды. Цифрлық зертхана барлық жастарға қолжетімді болғандықтан, кез-келген жас адам өз идеяларын жүзеге асыра алады.

«Шеврон» компаниясының өкілі Лейла Айтмуханованың айтуынша, «Шеврон» жұмыс істейтін барлық елдерде біз инженерия, экология және ғылым саласындағы ең озық жетістіктерді халыққа таныстыруға ұмтыламыз.Біз Fab Lab тұжырымдамасын қолдап, жабдықтарды сатып алу арқылы Атырау жастарына білім алуға мүмкіндік бергенімізді мақтан тұтамыз».

«Заңғар» жобасы – Атырау жастарына арналған инновациялық және интерактивтік бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған «Шеврон» корпорациясының Атырау қаласы жастарын дамыту жобасының бір бөлігі. Жобаның атауы «Заңғар» деп жергілікті жастардың дауыс беруі нәтижесінде таңдалған. Бұл пилоттық жоба жастардың өмірлік дағдыларын дамытуды және  ғылым, технология, инженерлік жобалау және математика (STEM– Science, Technology, Engineering, and Math) салаларында білім беруді көздейді. Атырау облысының әкімдігі және Халықаралық жастар қорымен ынтымақтастықта жүзеге асырылатын бұл бастама  жастарды интерактивтік тәсілмен, тәжірибе жүзінде және қоғамдық құбылыстарға қатыстыра отырып оқыту мен машықтандырудың бірегей жолы. Жергілікті қоғамдық ұйымдар, білім беру орындары және жергілікті іскерлік ұйымдармен бірігіп жүзеге асырылып жатқан бұл жобаның басты мақсаты – жұртшылықтың игілігіне бағытталған серпінді қызмет көрсету жүйесін құрып, аймақ жастарын оң бағытта дамытатын орта құру.

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Related posts

Қылмыстық топтың серкесі ұсталды

editor

БІР КҮНДЕ — 8 МЕКТЕП, 1 БАЛАБАҚША

Назия Жоямергенқызы

Autumn brings out the best of Cappadocia

Назия Жоямергенқызы