ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Ерғали Егемберды Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңа басшы – Төлеген Сәрсембаевты таныстырды.
Төлеген Қапсалықұлы Сәрсембаев қаржылық бақылау органдарында жұмысын 1993 жылдан бастаған. Алматы қаласының салық органдарында түрлі лауазымдарды атқарды.
2005 жылдың мамырынан 2008 жылдың мамырына дейін Қызылорда облысы бойынша Салық комитетін басқарды.
2019 жылдың мамырынан 2020 жылдың наурызына дейін Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін басқарды.
2009 жылдың маусымынан 2013 жылдың наурызына дейін Жамбыл облысы бойынша Салық департаментінің басшысы болды. 2013 жылдың наурызынан бастап 2014 жылдың сәуіріне дейін Шығыс Қазақстан облысы, 2014 жылдың сәуірінен 2017 жылдың мамырына дейін Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерін басқарды.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, кейін Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
2020 жылдың наурызынан 2023 жылдың шілдесіне дейін Алматы облысы әкімінің аппаратын басқарды.
2023 жылдың шілдесінен 2024 жылдың мамырына дейін ҚР Қаржы министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.
2024 жылғы мамырдан 2025 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарды.
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Баспасөз қызметі.