Әлемде алғаш рет соғып тұрған донорлық жүрек сәтті ауыстырылды

 

Тайваньда жүрек трансплантациясы саласында  тарихи жетістік тіркелді: хирургтер алғаш рет донор жүрегін соғып тұрған күйінде сәтті ауыстырды. Бұған дейін жүрек трансплантациясы кезінде орган суықта сақталып, қан айналымы тоқтайтын, бұл жүрекке зақым келтіру қаупін тудыратын еді. Тайбэй ұлттық университеттік ауруханасының (NTUH) мамандары донорлық жүрекке үздіксіз қан мен оттегі жеткізіп отыратын арнайы портативті құрылғыны қолданды. Құрылғы сорғы, оксигенатор және резервуарлардан тұрады, ол жүректің денеден тыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Бұл әдіс арқылы жүрек ешқашан тоқтаған жоқ.
Операция дилатационды кардиомиопатия диагнозы қойылған 49 жастағы әйелге жасалды. Пациент тез қалпына келіп, жүрек жұмысының жақсы көрсеткіштерін көрсетті. Хирургтер бұл тәсіл трансплантация қауіптерін азайтып, жаңа медициналық стандарттарға жол ашатынына сенімді.

 

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы Компьютерлік технологиялар кафедрасы,
Медиажурналистика мамандығының 1-курс студенті Фарангиз Саматқызы

Related posts

Стамбұлда әлемдік денсаулық сақтау қауымдастығы бас қосады

ttjk

«ӘЛЕУМЕТ – ҚОҒАМ АЙНАСЫ»-2023 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

Назия Жоямергенқызы

Halyk Bank  «Бөпе» науқанын іске қосты. Балаңыз үшін қажет әрі пайдалы сыйлықтарды ұтып алу үшін не істеу керек?

ttjk