Тоқаев Вьетнам басшысына «Достық» орденін табыс етті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламға І дәрежелі «Достық» орденін тапсырды. Президент екі ел арасындағы тарихи байланыстарға тоқталып, 1959 жылы Қазақстанға Вьетнамның тұңғыш Президенті Хо Ши Миннің ресми сапары көпжақты ынтымақтастықтың берік негізін қалағанын еске салды.

Тоқаев То Ламның сапары қазақ-вьетнам қатынасындағы жаңа кезеңнің бастауы екенін атап өтіп, бүгінгі келіссөздер нәтижесінде екі ел стратегиялық серіктестік орнатуға уағдаласқанын мәлімдеді. Ол Вьетнам басшысының достықты нығайтуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградамен марапатталып отырғанын айтты.

Өз кезегінде То Лам бұл марапатты елдер арасындағы ұзақ жылғы достық пен сенімнің айғағы деп бағалап, Қазақстан халқы мен Президентіне ризашылығын білдірді.

 

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы Компьютерлік технологиялар кафедрасы,
Медиажурналистика мамандығының 1-курс студенті Фарангиз Саматқызы

Related posts

Астанада сарапшылар Тұрақты даму мақсаттарының іске асырылуы талқыланды

Назия Жоямергенқызы

«ЕРКІН ӘУЕЛБЕКОВ: ЗАМАННЫҢ ЗАҢҒАР ТҰЛҒАСЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Бүгін Астанадағы LRT желісі электр қуатына қосылады

Назия Жоямергенқызы