Қазақстан таеквондошылары Азия чемпионатында жеті медаль жеңіп алды

 

Қытайдың Уси қаласында өткен таеквондодан клубтар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетіп, жалпы есебі жеті медаль жеңіп алды. Бұл көрсеткіш ел құрамасына жалпыкомандалық есепте төртінші орыннан көрінуге мүмкіндік берді.

Жарыста ел қоржынына екі алтын медальды Мария Севостьянова (57 келіге дейін) мен Дамир Шуленов (68 келіге дейін) салды. Күміс жүлдені 87 келіден жоғары салмақта сынға түскен Бейбарыс Қаблан еншіледі.

Сонымен қатар, Нодира Ахмедова (49 келіге дейін), Тамирлан Тлеулес (58 келіге дейін), Алтаир Өмірбеков (74 келіге дейін) және Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) қола медаль иегері атанды.

Қазақстандық спортшылардың бұл жетістігі – елдегі таеквондо спортының қарқынды дамуының айқын дәлелі.

Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы Компьютерлік технологиялар кафедрасы Медиажурналистика мамандығының 1-курс студенті Нұрай Даулетжанқызы

Related posts

Жемқорлық жасаған бастық жазадан оңай құтылып кетті

editor

MICHELIN Rehberi İstanbul’un ilk seçkisinde 53 restoran yer aldı

ttjk

2022 ЖЫЛЫ ТҮРКИЯДА 10500 ЖӘДІГЕР ТАБЫЛДЫ

ttjk