Қытайда көлемі алмамен бірдей бұршақ жауды

 

Қытайдың Сычуань провинциясындағы Цинчуань уезінде ауа райының күрт құбылып, ірі бұршақ жаууы тұрғындарға оңай тиген жоқ. 6 мамыр күні нөсер жаңбыр бір сәтте алманың көлеміндей бұршаққа айналып, он минут бойы тоқтаусыз жауған.
Кенеттен басталған бұл табиғи құбылыс үлкен шығынға әкелді. Жергілікті билік төтенше жағдайдың қызғылт сары деңгейін жариялады. Жұдырықтай мұз түйіршіктері тұрғын үйлердің шатырын шұрық тесік етіп, жүздеген көліктің әйнегін сындырған. Абырой болғанда адам өлімі тіркелмегенімен, жарақат алғандар бар екені хабарланды.
Ең көп зардап шеккен – ауыл шаруашылығы. Егістік пен бау-бақша бүлініп, шаруалар үлкен шығынға батқан. Қазір мамандар залал көлемін есептеп жатыр. Метеорологиялық қызмет бұл – соңғы он жылда өңірде тіркелген ең ірі бұршақ екенін атап өтті.
Айта кетейік, жуырда Алматы қаласының кейбір аудандарында да көлемі ірі бұршақ жауып, жұртты елеңдеткен болатын

 

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы Компьютерлік технологиялар кафедрасы,
Медиажурналистика мамандығының 1-курс студенті Фарангиз Саматқызы

Related posts

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін реформалауды қолдайды

editor

Алматыда 2023 жылы салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша жоспар асыра орындалды

Назия Жоямергенқызы

Еврокомиссия поможет Казахстану в совершенствования нормативной базы по водороду

Назия Жоямергенқызы