Қазақстанда еңбек нарығы қалай дамиды?

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Светлана Жақыпова Қазақстанда тиімді еңбек нарығын қалыптастыру үшін жұмыстың 5 негізгі бағытын атап өтті. 

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, Парламент депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігінің және Үкімет аппаратының өкілдері, вице-министрлері, аппарат басшысы, комитет төрағалары, департамент директорлары, Министрлікке қарасты ұйымдарының басшылары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерінің орынбасарлары мен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары мен әлеуметтік әріптестер және өзге де жауапты лауазымды тұлғалар қатысты.

Министр өз сөзінде халықты жұмыспен қамту ведомство жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.

«Бүгінде еңбек нарығы жұмыс күшінің сапасының төмендігі, жұмыс орындарының жеткіліксіздігі, цифрландыру салдарынан еңбек ресурстарының босатылуы, бейресми жұмыспен қамтудың жоғары деңгейі және т.б. сияқты күрделі сын-тегеуріндерге тап болып отыр, біздің мақсатымыз – тиімді еңбек нарығын құру, азаматтарымыздың өмір сүру деңгейін арттыруды қамтамасыз ету», – деді Светлана Жақыпова.

Алға қойылған мақсатқа жету үшін 5 негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді.

«Біріншісі – еңбек ресурстарын жоспарлауды жақсарту және жаңа жұмыс орындарын құру арқылы мемлекеттік және жеке инвестициялардың тиімділігін арттыру. Ол үшін біз кадрларға қажеттілікті талдау мен болжауды және іске асырылып жатқан жобалардың тиімділігін іске асыруды мониторингтеуді қамтамасыз ететін жобалардың инновациялық навигаторын әзірледік. Қазіргі уақытта жүйеде 168 мың жұмыс орнын құру жоспарымен 906 жоба бойынша мониторинг жүргізілуде, ол сондай-ақ жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың тығыз байланысын қамтамасыз етеді, еңбек ресурстарының құзыреттері мен дағдыларына қойылатын талаптарды анықтайды. Оның негізінде ТжКБ білім беру бағдарламалары өзектендірілетін болады», – деді министр.

Министрдің айтуынша, алдағы уақытта платформа мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құрамдас бөлігі болады. Оның негізінде өңірлер мен елді мекендердің даму бағыттары айқындалады.

Екінші бағыт – сапалы жұмысшылар санын арттыру.

«Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында «сапалы жұмыс орны» ұғымы енгізілді. Бұл өңірдегі медиандық жалақыдан жоғары, негізгі әлеуметтік пакеті және қауіпсіз жұмыс ортасы бар алты айдан астам тұрақты жұмыс орны.

2024 жылы қосымша 211 мың сапалы жұмыс орны құрылды. Олардың экономикадағы жалпы саны 2,5 млн-ға жетті, 2030 жылға дейін біз 3,8 млн-ға дейін жұмыс орнын ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», – деді Светлана Жақыпова.

Үшіншісі – олардың атаулылығын арттыру үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын трансформациялау.

«2024 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 325 мың адам қамтылды. Алайда, бұл шараларда халықтың әлеуметтік осал топтарының үлесі тек 10%-ды құрады. Біздің міндетіміз – жұмыспен қамтудың белсенді саясатының атаулылығын арттыру. Ол үшін біз әлеуметтік трансферттерді қайта құрылымдауды қарастыратын өзгерістер пакетін дайындадық», – деді ЕХӘҚМ басшысы.

Төртінші бағыт – экономиканы білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін кадрлық әлеуетті күшейту.

Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша кәсіптік оқыту және жұмыс орнында оқыту белсенді дамып келеді. Биыл 12 мыңға жуық адам осындай курстардан өтеді.

Студенттердің практикалық дағдыларын игеру үшін Электрондық еңбек биржасында өндірістік практиканың функционалы іске қосылды. 

Skills Enbek ұлттық онлайн оқыту платформасы сәтті дамып келеді. Бүгінде онда 856 курс бар, 500 мыңнан астам адам тіркелген.

Бесінші – жұмыскерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау үшін жұмыспен қамтуды ресімдеу.

«Тіркеудің оңайлатылған рәсімімен платформалық жұмыспен қамтуды реттеу заңнамалық түрде енгізілді. Бүгінгі таңда 51 мыңнан астам такси жүргізушілері жеке кәсіпкер ретінде тіркелді, 78,3 млрд теңге сомасына 63 млн фискалдық чек жазылды. Бұл платформа арқылы жұмыс істейтіндерді әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне заңдастыру мен интеграциялаудың маңызды қадамы», – деді Светлана Жақыпова.

Еңбекмині ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтуды ресімдеу үшін еңбек ресурстарын нормалау және жоспарлау жүйесі әзірленді.

Ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін hr.enbek.kz платформасында деректерді жинау мен талдауды қолдайтын жаңа функционал пайда болды.

Осы жүйені енгізу нәтижелері ауыл шаруашылығында ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, оның елдің ЖІӨ құрылымындағы үлесін арттыруға, ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтуды ресімдеу мен ұлғайтуға және ауыл тұрғындарының қалаларға көшуін азайтуға ықпал ететін болады.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Баспасөз қызметі.

Related posts

Hotel Guide | Top 10 Beautiful Hotel in Phangan, Thailand

ttjk

«ШЕВРОН»: ДӘРІГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР

ttjk

Қорғаныс министрінің әйелі үшін әскери бронды техникалар қолданылған

editor