АҚТӨБЕ «ІСКЕРЛІК ЖУРНАЛИСТИКА ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ»

Түркітілдес журналистер қоры мен Дүниежүзілік шетелдік баспасөз ассоциациясы (World Foreign Press Association — WFPA) «HALYK BANK” серіктестігінде 2024 ж. 4 қазанда Ақтөбе қаласында «Іскерлік журналистика: қаржылық сауаттылық» жобасы шеңберіндегі «Halyk bank депозиттері мен акциялар» тақырыбы бойынша семинар-тренинг өткізді.

Аталған семинарлар тізбегі Атырау, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Ақтауда ұйымдастырылды.

Семинар-тренингтер нәтижесінде қатысушылар Түркітілдес журналистер қорының “Halyk Bank” АҚ серіктестігінде 2017 жылдан бері өткізіп келе жатқан «Еркін сөз»-2024 байқауында бақ сынайды. Байқау жеңімпаздары 2024 ж. 11-12 қарашада Алматыда өткізілетін IV Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумының салтанатты кешінде марапатталды.

IV Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумына Қазақстанның барлық облыс, аймақтарынан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Германия, Британия, Нидерланд, Швейцария, Австрия, Бельгия, Италия т.б. елдерден БАҚ басшылары, журналистер, баспасөз хатшылары, PR менеджерлер, журналистика факультеттерінің оқытушылары мен студенттері, трэвл блогерлер қатысты.

Толық ақпарат: +7 778 878 3408 (WhatsApp).

#түркітілдесжурналистерқоры

#фондтюркоязычныхжурналистов
#turkdilikonuşangazetecilervakfı
#turkicspeakingjournalists #wfpa #worldforeignpressassociation #халықбанк #halykbank #қаржылықсауаттылық #halykbankтренингтер #іскерлікжурналистика #халықбанкпентренинг

Related posts

COVID-19: ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ОНЛАЙН ФОРУМЫ

ttjk

Астаналық оқушыларға есірткінің зияны және есірткі қылмысына қарсы күрес туралы түсіндірілді

Назия Жоямергенқызы

Мемлекет басшысы АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбайды қабылдады

Назия Жоямергенқызы