ҚЫЗЫЛОРДА: СЕРТИФИКАТ ТАПСЫРЫЛДЫ

Әріптестерге сертификаттар тапсырылды. Шараның өтуіне атсалысқан Қызылорда облысы әкімдігіне алғысымыз шексіз. Журналистер жұмысына қажетті көп пайдалы нәрсені үйренді, білім-білігін арттырды.

Бұл- Түркітілдес журналистер қоры мен Дүниежүзілік шетелдік баспасөз ассоциациясы (World Foreign Press Association — WFPA) «Шеврон» компаниясының серіктестігінде Қызылорда қаласында «Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер» жобасы шеңберіндегі «Журналистикадағы жасанды интеллект және YouTube» тақырыбы бойынша семинар-тренингін аяқтады.

Аталған семинарлар тізбегі Семей, Қарағанды, Атырауда өтті. Бұл жоба тамыз-қараша аралығында Алматы, Астана, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Ақтау, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Өскемен, Көкшетау қалаларында «Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер» жобасының шеңберінде ұйымдастырылады.

Семинар-тренингтер нәтижесінде қатысушылар «Әлеумет — қоғам айнасы» байқауында бақ сынайды. Байқау жеңімпаздары Алматыда өткізілетін IV Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумының салтанатты кешінде марапатталады.

IV Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумына Қазақстанның барлық облыс, аймақтарынан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Германия, Британия, Нидерланд, Швейцария, Австрия, Бельгия, Италия т.б. елдерден БАҚ басшылары, журналистер, баспасөз хатшылары, PR менеджерлер, журналистика факультеттерінің оқытушылары мен студенттері, трэвл блогерлер қатысады.
Толық ақпарат: +7 778 878 3408.

#түркітілдесжурналистерқоры
#фондтюркоязычныхжурналистов
#turkdilikonuşangazetecilervakfı
#turkicspeakingjournalists #wfpa #worldforeignpressassociation #chevron #шеврон

Related posts

«Қарызсыз қоғам»: 6 мыңнан астам адам қаржылық сауаттылық сабағынан өтті

ttjk

Experience the holy month of Ramadan in the İstanbul style

ttjk

Стамбұлдың аңызға айналған көше тағамдары

Назия Жоямергенқызы