Құзырлы органдар бірлескен бұйрыққа өзгеріс енгізді

Энергетика, Қаржы және Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрыққа өзгеріс енгізді

Оған сәйкес, Қазақстан  аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге автомобиль көлігімен бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілмек. Бұған өндіруші көрсеткен көліктердің газ цистерналарында тасымалданатын майлау майлары мен жанармай кірмейді. Ғылыми зерттеулер, біліктілік және зертханалық сынақтар мақсатында авиациялық жанармайды әкетуге де уәкілетті органдармен келісімде рұқсат етіледі.

«Бұл тыйым мұнай өнімдерінің ішкі нарығын тұрақтандыруға және елдегі ықтимал жанармай тапшылығының алдын алуға бағытталған», деп хабарлайды Энергетика министрлігі. Бұйрық бүгіннен бастап күшіне енді.

Related posts

Казахстанка стала победительницей конкурса IFSEC Global Influencers 2022

ttjk

АЛМАТЫДА ПРОФЕССОР ЖАМБЫЛ ТОБАЯҚОВ АТЫНДАҒЫ ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ

ttjk

АБАЙ ОБЛЫСЫ: тазалық пен тәртіпке ұмтылыс:

Назия Жоямергенқызы