Израиль «ХАМАС ұйымы келісімді бұзды» деп айыптады

ХАМАС тобы Израильмен жасалған уақытша бітімнің алғашқы кезеңінде босатуға уәде еткен 8 тұтқын көз жұмған. 

Израиль үкіметі ХАМАС ұсынған тізіммен танысқаннан кейін бұл туралы мәлім еткен. Үкімет өкілі Давид Менсердің айтуынша, марқұмдардың туыстарына ақпарат берілген. Алдағы апталарда әлі босатылуға тиіс 26 адамның 18-і ғана тірі оралатыны белгілі болған. ХАМАС осыған дейін аптаның соңына дейін 6 тұтқынды, 2023 жылы тұтқындалғандарды босатуға уәде берген. 30 қаңтарда – 3, ал 1 ақпанда тағы 3 адам босатылатын болады. Босатылатындардың қатарында Арбель Йехуд бар. Ол 25 қаңтарда бостандыққа шығатындардың тізімінде болғанымен, белгісіз себептермен берілмеген.

Израиль тарапы ХАМАС ұйымын «келісімді бұзды» деп айыптап, Арбель Йехуд босатылмайынша, Газа секторының солтүстігіндегі қозғалысты шектеу шешімін қабылдаған.Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Арбель Йехуд пен тағы екі тұтқын – әскери қызметкер Агам Бергер және 65 жастағы Кит Сигалдың босатылатынын растап берді.

Related posts

9-шы қыркүйекті «Тоғызқұмалақ күні» деп белгілеуді сұраймын — Әлихан Байменов

ttjk

Түркия туризм саласында халықаралық стандарттарға сай

Назия Жоямергенқызы

Қазақстан Мароккомен өзара визасыз режим енгізуі мүмкін

editor