Теміржол апатынан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, Үндістандағы теміржол апатынан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті.

Полиция мәліметінше, апаттан 15 адам зардап шеккен. Олардың 10-ы әлі де ауруханада жатыр. Қайтыс болған 13 адамның ішінен полиция әзірге сегізінің ғана жеке тұлғасын анықтай алған.

Апат кеше кешке Махараштра штатының астанасы Мумбайдан солтүстік-шығысына қарай 425 шақырым жерде орналасқан Жалгаон ауданындағы Печорада болды. Полиция жүргізген алдын ала тергеу нәтижелерінде пойыз тоқтау кранының істен шығуына байланысты тоқтады. Өрттен қорыққан жолаушылар жүріп бара жатқан поездан секіріп шығып, басқа пойыздардың астына түскен.

Related posts

ФЛЕШМОБ: ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ

Сайлаудың 10 жаңалығы

ttjk

2026 жылы Қазақстан авиациясында қандай жаңа әуежайлар мен бағыттар іске қосылады?

Назия Жоямергенқызы