Қазақстан қоржынында үш алтын

Қазақстанның спортшылары Туринде өтіп жатқан Универсиада-2025 жарыстарында үшінші алтын медальға қол жеткізді.

Бұл жолы ел намысын биатлоншы Никита Акимов қорғап, алтыннан алқа тағынды. , Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Никита Акимов 10 шақырымдық спринтте үздік нәтижені көрсетіп, алтын медаль иегері атанды. Жарыстың күміс жүлдесін швед спортшысы Кнут Векстрем иеленсе, қола жүлде украиналық Богдан Борковскийге бұйырған. Осылайша қазір Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын медаль бар. Бұған дейін екі алтын медальды могул спортының өкілі Анастасия Городко жеңіп алған болатын.

Related posts

ОТБАСЫЛЫҚ ДЕМАЛЫСТЫ ТҮРКИЯДА ӨТКІЗУГЕ ДАЙЫНДАЛЫҢЫЗ

ttjk

Әл-Фараби даңғылындағы қайғылы жол апаты: үш қылмыстық іс бойынша не белгілі

Назия Жоямергенқызы

ТАУЛЫ КАРАБАХТАҒЫ ӘЗІРБАЙЖАН ЖЕҢІСІ

ttjk