Инклюзивті білім берудің жаңа стандарттары енгізіліп жатыр

Елімізде инклюзивті білім берудің жаңа стандарттары қалыптастырылып жатыр.

Мәселен, Астана мектептерінде 10 инклюзияны қолдау кабинеті ашылып, онда тек ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға тең мүмкіндіктер жасалып, ата-аналар үшін де тартымды білім беру орталықтарына айналып келеді. Инклюзивті кабинеттер тұжырымдамасы «Самұрық-Қазына» қоры инклюзия саласындағы мамандармен бірлесе отырып әзірленген. Осылайша қазіргі заманғы тәсілдер мен әлемдік тәжірибе ескеріліп отыр.

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобы краудфандингтің әлеуметтік салада оң өзгерістерге әкелетін тиімді құрал болуы мүмкін. Қазір «Samruk Charity Marathon» және «Sk Azil Fest» қайырымдылық шараларының арқасында 154 миллион теңге жиналып, инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі ауқымды жоба бастау алған. Жалпы бұл бастаманы іске асыруға барлығы 290 млн теңге бағытталған. Қаражаттың негізгі бөлігі – 263 миллион теңгеден астам қаржы Астана мектептерінде 10 заманауи инклюзивті кабинетті жасауға көзделсе, бір кабинетке орташа есеппен 25 миллион теңге жұмсалған.

Related posts

ҚҰРЫШ ҚОЛДЫ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

Назия Жоямергенқызы

Global Incentive Travel Leaders Gathered in İstanbul for the SITE Global Conference

ttjk

Бала тәрбиелеу міндетін атқармағандарға қатысты құқық бұзушылық үш есеге өсті

editor