Екі жүзден астам балуанның арасында екінші орын иеленді

Таяуда Ресейдің Саратов қаласында унифайт спорт түрінен әлем чемпионаты өтті.

Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған байрақты бәсекеде екі жүзден астам балуан боз кілемде кім мықтыны анықтады. Тартысқа толы додада ел намысын Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 5518 әскери бөлімінің жауынгері капитан Медет Сәметаев қорғады. Әскери қызметші румын, өзбек спортшыларынан басым түсіп, ақтық сайыста ресейлік қарсыласына есе жіберді.Нәтижесінде 95 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионында екінші орын иеленіп, күміс жүлдегер атанды.

 

 

 

Related posts

Қазақстанда аэротаксимен ұшу бағасы айтылды

Назия Жоямергенқызы

Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті

Назия Жоямергенқызы

Көлік құралдарын тіркеуге қоюдың қылмыстық схемасы анықталды

editor