Отандық банк жүйесі жаңа стандартқа көшті

Қазақстанның төлем жүйелері, екінші деңгейлі банктер мен төлем жүйесінің өзге де қатысушылары төлем хабарламаларының халықаралық ISO 20022 стандартына өтті. 

Ұлттық банк хабарлауынша, жаңа стандартты ескере отырып жаңғыртылған төлем жүйелері мен банктердің ақпараттық жүйелері 2025 жылғы 13 қаңтардан бастап жаңа форматта іске қосылған. Банктер клиенттердің төлем тапсырмаларын ақпараттық жүйелердің жұмыс кестесіне сәйкес әдеттегі режимде, еш шектеусіз және кідіріссіз қабылдап жатыр.

«Жаңа стандарт төлемдерді өңдеу ісін автоматтандыруға, сондай-ақ есеп айырысудағы жылдамдық пен қауіпсіздікті арттыруға ықпал етеді. ISO 20022 стандартының ерекшелігі – төлем немесе мәміле туралы қосымша мәліметтерді беру мүмкіндігінде. Бұл сәйкестендіру процесін жеңілдетіп, қателіктерді азайтады және клиентке көрсетілетін қызмет сапасын арттырады» делінген хабарламада. Сондай-ақ ISO 20022 стандарты қолданылғанда осы әдістемені пайдаланатын әртүрлі ақпараттық және төлем жүйелері арасында жаһандық үйлесімділік қамтамасыз етіледі. Қазақстан Орталық Азия елдері арасында алғашқылардың бірі болып халықаралық стандартты пайдаланатын мемлекеттердің қатарына кіріп отыр. Енді Еуропалық Одақ пен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен бірге трансшекаралық төлемдерді жеңілдетіп, халықаралық сауда-саттықтың дамуына ықпал етеді.

ISO 20022 стандартының енгізілуі қаржы институттары мен клиент (тұтынушы) арасындағы өзара әрекеттесудің тиімділігін арттырып қана қоймай, қаржы нарығындағы технологиялық өзгерістерге бірыңғай ережелер мен рәсімдер негізінде тез бейімделуге мүмкіндік бермек.

Related posts

411 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды

editor

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысты

editor

MICHELIN Rehberi İstanbul’un ilk seçkisinde 53 restoran yer aldı

ttjk