Жол ережесі тағы өсті

Жаңа жылдан бастап айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты айыппұл мөлшері тағы да артпақ.
Биыл бір айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңгеге дейін өсті. Былтыр 3 692 теңге болған. Осылайша биыл АЕК 6,1 пайызға өсіп отыр. Ал айыппұл соның негізінде есептеледі. Сондықтан жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл көлемі де артады.

көлікті жүргізуші кәулігінсіз басқарғаны үшін 5 АЕК – 19 660 теңге (2024 жылы 18 460 теңге болған);

полицияға бағынбағаны үшін 40 АЕК — 157 280 теңге (2024 жылы 147 680 теңге болған);

көлікпен жаяу жүргіншілер жолағымен жүргені үшін 15 АЕК – 58 980 теңге (2024 жылы 55 380 теңге);

қоғамдық көліктің ақысын төлемегені үшін 2 АЕК – 7 864 теңге;

жылдамдықты 10-20 шақырымға асырғаны үшін 5 АЕК – 19 660 теңге (2024 жылы 18 460 теңге болған);

жол белгілерін ескермегені үшін 3 АЕК – 11 796 теңге (2024 жылы 11 076 теңге болған);

бағдаршамның қызыл түсіне өткені үшін 10 АЕК – 39 320 теңге (2024 жылы 36 920 теңге болған);

жаяу жүргіншілер жолағымен көлікпен жүргені үшін 15 АЕК – 58 980 теңге (2024 жылы 55 380 теңге);

көлікті тұраққа дұрыс қоймағаны үшін 5 АЕК – 19 660 теңге (2024 жылы 18 460 теңге болған);

жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзғаны үшін 5 АЕК – 19 660 теңге (2024 жылы 18 460 теңге болған).

Бұдан басқа:
қоғамдық көліктің ақысын төлемегені үшін 2 АЕК – 7 864 теңге (2024 жылы 7 384 теңге болған);

жалдамалы пәтерде тіркеуге тұрмағаны үшін 7 АЕК – 27 524 теңге (2024 жылы 25 844 теңге болған) , ал үйдің иесіне 10 АЕК – 39 320 теңге (2024 жылы 36 920 теңге болған);

темекі тұқылын терезеден немесе балконнан лақтырғаны үшін 5 АЕК – 19 660 теңге (2024 жылы 18 460 теңге болған);

қоғамдық жерде балағат сөз айтқаны үшін 20 АЕК – 78 640 теңге (2024 жылы 73 840 теңге болған);

тыныштықты бұзғаны үшін 5 АЕК – 19 660 теңге (2024 жылы 18 460 теңге болған);

көшені ластағаны үшін 10 АЕК – 39 320 теңге (2024 жылы 36 920 теңге болған).

Related posts

Қыздарға қарағанда ұл балалар дүниеге көп келеді

editor

Президент: «Ұлағатты ұстаздар ұлтты тәрбиелейді»

editor

Түркияның жаңа жазғы тағамдарының дәмін татыңыз

ttjk